{metadescription}
Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан бұзақы ұсталды
Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан бұзақы ұсталды

Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан бұзақы ұсталды

Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан бұзақы ұсталды. 33 жастағы Елорда тұрғыны кеше қоғамдық көлікте жолаушылардың бірімен жаға жыртысып, газ боллонын шашқан еді.

Әрі онымен қоймай көзі ашып қиналған жігітті далаға алып шығып тағы төпештей жөнелген. Қызу қанды азаматты автобустағы әйелдер зорға сабасына түсіріп, ажыратты. Айта кетерлігі, салон ішіндегі өзге жолаушылар да бұрышты баллоннан уланғандықтан жедел жәрдем шақыртуға тура келген. Ал, төбелес шығарған елорда тұрғыны оқиға орнынан қашып кеткенімен, бірден ұсталды.

Софья Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Осы бап бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде