{metadescription}
Ақсай қаласы жаз шыққалы бері қоқыстан жөнді тазартылмаған
Ақсай қаласы жаз шыққалы бері қоқыстан жөнді тазартылмаған

Ақсай қаласы жаз шыққалы бері қоқыстан жөнді тазартылмаған

Қоқысқа көмілген қала! Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласы жаз шыққалы қоқыстан жөнді тазартылмаған. Бір ай бұрын әкімдікпен шартқа тұрған комуналдық мекеме үш ай жиналған үйіндіні тасып үлгермей жатыр. Тіпті әкімдіктегілер тұрғындардан көмек сұрағанын жасырмайды.

Еліміздің батысындағы Ақсай қаласының сиқы осы. Көшеде үйілген қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Тұрғындар болса күлімсі иістен тұншығып, үйілген қоқысты қайда құртарларын білмей дал.

- Қазір қала ішіндегі қоқысқа қатысты жағдай өте нашар. Жұрттың ойынша, бұл жерде әкімдік дұрыс жұмыс істемей жатыр.

- Қоқыс жинайтын адамдар қайда құрып кеткен? Техникаларыңыз көп болып, мынаның бәрін алып кетсеңіздер, ақша төлеуіміз де мүмкін еді ғой.

Әкімдікпен бір ай бұрын келісімге отырған компания өкілдері қаланы қоқыстан тазартып үлгермей жатқандарын айтады. Өйткені, жұмыс күші жетіспей отырған көрінеді. Коммуналдық мекемеде тұрғындардың жұмыс істегесі жоқ.

Динара Сахым, «Дем-Сервис» ЖШС өкілі:

- Қалада қоқыстар сәуір айынан бері жатыр. Оны біз жинап жатырмыз ғой. Бірақ басты мәселе – бізге жұмысшылар керек, көлік жүргізушілері керек.

Шенеуніктер де қаланы тазартуға қауқарсыз екендерін мойындайды. Олар тұрғындардан көмек сұрап отыр. Тіпті әкімдіктегілер шұғыл асарлатып, жаппай сенбілікке шықпасақ қаланы қоқыс басып қалады деп қорқады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде