{metadescription}
Елімізде жыл басынан бері орман өртінен 221 миллион теңге шығын келген
Елімізде жыл басынан бері орман өртінен 221 миллион теңге шығын келген

Елімізде жыл басынан бері орман өртінен 221 миллион теңге шығын келген

Елімізде жыл басынан бері орман өртінен 221 миллион теңге шығын келген. Ал жасыл-желекті тып-типыл етіп, күлге айналдырған тілсіз жау биыл екі есеге көбейіпті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегі мәлімет бойынша, биыл 499 орман өрті тіркелген. Демек, өткен жылмен салыстырғанда қызыл жалынның зардабы екі есе артып, тұмса табиғаттың тынысын тарылтып барады. Ормандағы өртті ауыздықтау төтеншеліктерге де оңайға түспей отырғаны ақиқат. Мәселен, Қарқаралы ұлттық бағындағы алапат өртті сөндіруге 4 тікұшақ пен 60 техника тартылған болатын. Сондай-ақ, заңсыз орман отаушыларға қой дейтін қожа табылмай тұр. Сегіз айдың ішінде мемлекеттік инспекторлар құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге 12 мыңға жуық рейд жүргізіп, рұхсатсыз ағаш кесуге қатысты 189 деректі анықтаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде