{metadescription}
Ақтөбеде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған келіншек сотталды
Ақтөбеде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған келіншек сотталды

Ақтөбеде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған келіншек сотталды

Ақтөбеде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған келіншек сотталды. 32 жастағы Ақмарал Алмағанбетова енді бес жыл өмірін түрмеде өткізуі тиіс.

Ол 2013 жылы үш баласы мен күйеуін тастап Сирияға аттанған. Жиһад деп желіккен келіншек ол кезде шариғат жолымен жолдасынан ажырасады. Соған қарамастан жат елде жүрсе де, күйеуін соғысқа қатысуға шақыруын қоймаған. Ол өзінің экстремистік ұйым құрамында болғанын жасырмайды. Онымен қоймай, Сирияда төрт рет тұрмыс құрып, екі бала тапқан. Төрт жасар ұлы мен екі жастағы қызы операция кезінде өзімен бірге елге жеткізілді. Ақмарал Алмағанбетова лаңкестікті насихаттап, ұлтаралық араздықты қоздырған деп айыпталған еді. Кінәсін бірден мойындап, прокурорлармен процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген. Сондықтан тергеу де тез бітіп, сот оны бес жылға бас бостандғынан айыру туралы үкім шығарды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.