{metadescription}
Астыртын цехта жасалған арақты дүкендерде емін-еркін сатқан
Астыртын цехта жасалған арақты дүкендерде емін-еркін сатқан

Астыртын цехта жасалған арақты дүкендерде емін-еркін сатқан

Алматыда арақ жасайтын астыртын цех әшкере болды. Өз үйінде көлеңкелі кәсіптің көрігін қыздырған күдікті сапасыз өнімдерін бірнеше өңірдегі шағын дүкендерге емін-еркін сатып келген.

Заңсыз пайданың көзін тапқан жігітті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің мамандары анықтапты. Алдымен олар күдіктінің дайын өнімдерді тасымалдайтын көлігін ұстаған. Әрі қарай тексере келе машинадағы арақтардың астыртын цехта дайындалғаны белгілі болды. Цехты тінту барысында қаптаған шөлмектегі дайын ішімдік, мың литрден аса спирт, жалған акциздік маркалар тәркіленді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Әзірге күдіктінің жұртты арзан арақпен қанша уақыттан бері қарық қылып келгені белгісіз. Оңай олжаны көздеген жігіт енді 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құзырлы орган өкілдері осылай өз үйінде көлеңкелі бизнеспен айналысатын пысықайлардың азаймай тұрғанын айтады.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:  

- Жыл басынан бері жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында Алматы қаласы аумағында 6 астыртын цехтің жұмысы анықталған болатын. Бұл астыртын цехтің бәрінде спирттік өнім жасаған. Көбінесе бұл спирттік өнімдер нарықтық бағадан төмен және қаланың шептіндегі кішігірім дүкендерде сатылу фактілері анықталған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде