{metadescription}
Галееваның өліміне қатысты айыпталушылар сөзінен тайқыды
Галееваның өліміне қатысты айыпталушылар сөзінен тайқыды

Галееваның өліміне қатысты айыпталушылар сөзінен тайқыды

Денесі Алматы маңындағы су арналарының бірінен табылған Анастасия Галееваның өліміне қатысты айыпталушылар кінәсін әлі мойындамай отыр. Бүгінгі сот отырысында Евгений Степанов пен Асхат Баржақсыннан жауап алынды. Алғаш рет сөз алған айыпталушылар бұған дейінгі тергеушілерге берген түсініктемелерінен тайқып отыр.

Евгений Степанов, айыпталушы:

- Жоқ, мойындамаймын. Тергеушілер 99шы бап бойынша кінәні мойныма алуым керектігін, әйтпесе топтасып адам өлтіру дерегі бойынша 30 жылға түрмеге қамалатынымды, менімен қоса әйеліме де айып тағылатынын айтып қысым жасады. Мен оны өлтірмедім. Бірақ қорыққанымнан қылмысты жасыруға тырыстым.

Бүгінге дейін қысым жайында жақ ашпаған олар сот отырысын күткенін  айтады. Сондай-ақ, айыпталушылар Анастасияға керісінше, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырыстық деп ақталуда. Сараптамада көрсетілген жақ сүйегі мен тісінің сынуына да сылтаулары дайын. Есірткіден аяқ-қолы тырысып, тынысы тарылған оны есін жинату үшін бетінен ұрған көрінеді. Ал тілін жұтып қоймасын деп аузына кілт пен қасық салған кезінде «тістері сынып кеткен болу керек» дейді. Осылайша аман алып қала алмаған Анастасияның денесін кілемге орап, суға ағызып жібергенін айтты.

Асхат Баржақсын, айыпталушы:

- Сол сәтте түрлі алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалуға тырыстық. Бірақ ол қозғалмай қалды. Маргарита қайтыс болғанын айтты. Ал мен есеңгіреп, жедел «жәрдем шақыруымыз керек» дедім. Евгений болса, нашаны қолданғанымызды білсе, түрмеге жабылатынымызды ескертті.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.