{metadescription}
Елбасы ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде уағдаластыққа қол жеткізуге ұсыныс жасады
Елбасы ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде уағдаластыққа қол жеткізуге ұсыныс жасады

Елбасы ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде уағдаластыққа қол жеткізуге ұсыныс жасады

Әлемдік державалардың басшылары Қазақстанға келуі мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаппай қырып-жоятын қаруы бар елдердің басшыларын бас қалаға шақырып, отпен ойнамауға кеңес берді. Бұл туралы Тұңғыш Президент «Ядролық қарусыз әлем» Назарбаев сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтты. Жаһандық қауіпсіздік үшін деп айдар таққан сыйлықтың биылғы иегерлері кім?

Екі жылда бір рет өтетін шараға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері мен жаппай қырып-жою қаруына қарсы ұйымның мүшелері тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Мақсат – адамзатқа төнген қауіпті сейілтіп, қарусыз әлемді насихаттап жүрген тұлғаларды анықтап, құрмет көрсету.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті:

- Бүгін тек Қазақстанның емес, бүкіл әлемнің антиядролық қозғалысы үшін тарихи күн. 1991 жылы дәл осы 29 тамызда менің жарлығыммен әлемдегі ең ірі Семей полигоны жабылды. 1949 жылы Қазақстанда Кеңес одағының бірінші атом бомбасы жарылып, орасан зор экономикалық-адами факторға әкеп соқтырды. Қырық жыл ішінде полигонда 456 ядролық сынақ өткізілді.

Қазақ халқы бұл қырғынды әлі күнге ұмытқан жоқ. Зардабын тартып та келеді. Ал кейбір державалар адамзатты қан қақсатқан қарудың залалын біле тұра, бас тартпай отыр. Дегенмен әлемнің әр түкпірінде қарусыз әлемге қол жеткізу үшін еңбектеніп жүргендер аз емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Биыл Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және МАГАТЭ-ге қосылғанына 25 жыл толды. Сондай-ақ, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың күшіне енгеніне 10 жыл болды. Қазір біз ядролық мемлекеттер қатарынан әлемдік антиядролық қозғалыстың жаһандық көшбасшысына айналдық. Бұл Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асты. 

Жаһандық қауіпсіздікке үлес қосқан екі адам Назарбаев атындағы марапатты еншіледі. Оның бірі – Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушысы хатшысы Лассин Зербо. Екінші сыйлық биыл 19-шы шілдеде көз жұмған халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бұрынғы бас директоры Юкия Аманоның туыстарына табысталды.

2016 жылы Назарбаев сыйлығын Таяу Шығыс елдерінде жаппай жою қаруынан бос аймақ құруға қолдау көрсетіп, бір жарым миллион сириялық босқынға пана болған Иордания Королі екінші Аболла еншілеген еді. Ал қашанда жаһан жұртын бейбіт күнге шақыратын Елбасы бұл жолы да АҚШ, Ресей және Қытай секілді ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде уағдаластыққа қол жеткізуге ұсыныс жасады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.