{metadescription}
Ақша айырбастау орталықтарының жұмысына неліктен шектеу қоймақ?
Ақша айырбастау орталықтарының жұмысына неліктен шектеу қоймақ?

Ақша айырбастау орталықтарының жұмысына неліктен шектеу қоймақ?

Ұлттық банк бүгін ақша айырбастау орталықтарының жұмысына неліктен шектеу қойғалы жатқанын түсіндірді. Айтуынша, бұл ең әуелі клиенттердің қауіпсіздігі мен айырбастау пункттерінің қаржысына мониторинг жүргізу үшін қажет.

Әзірленіп жатқан жаңа ережеге сай, валюта айырбастау орталықтары енді таңертеңгі 10-нан кешкі 7-ге дейін ғана жұмыс істеуі мүмкін. Ал капиталында 100 миллион теңгеден көп ақшасы барлары мен қауіпсіздігі қамтылғандары 24 сағат қызмет көрсетуге құқылы болмақ. Оның үстіне қаржы нарығын реттеуші бір адамға небәры 500 мың теңгеге дейінгі ақшаны айырбастауға немесе сатуға рұқсат беруді ұсынып отыр. Дегенмен бұл әзірге құжат жүзінде ғана. Қызу талқыланып жатқан Ұлттық банктің бастамасы қабылданса, ақша айырбастау орталықтары әр операцияны журналға тіркеп, адамдардың аты-жөнін де жазып отыруға міндеттеледі.

Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Қаржы қызметтерін ұсынатын барлық ұйымдар, соның ішінде айырбастау пункттері қаржылық мониторингтен өтуі тиіс. Бұл қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландырудың алдын алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.