{metadescription}
«Алматы – іңкәрім менің»: Төрт сағат, 50-ге жуық ән, 100-ге жуық әнші
«Алматы – іңкәрім менің»: Төрт сағат, 50-ге жуық ән, 100-ге жуық әнші

«Алматы – іңкәрім менің»: Төрт сағат, 50-ге жуық ән, 100-ге жуық әнші

«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі шымылдығының түрілуіне санаулы күн қалды. Қоңыр күздегі дәстүрлі ән мерекесі биыл Алматының орталық саябағында өтпек. Қазір техникалық топ ол жерде әрлеу жұмыстарын реттеуде. Әртістер қауымы да думанды кешке соңғы әзірліктерін пысықтап жатыр. Сағындырған хит-әндер шырқалатын ретро-фестиваль 7-ші қыркүйекке белгіленген.

«Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалі қала тұрғындарын 18 жылдан бері әнмен тербеп келе жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі шараны биыл да ерекше етуге барын салуда. Алматының орталық саябағындағы сахна бірер күнде толық дайын болмақ.

Андрей Еремин, «Алматы – іңкәрім менің» фестивалінің қоюшы режиссері:

- Бұл жолы баяғы Алматыдағы тұрғын үйлердің ауласын көрсетіп, қонақтарды соған сапар шектіруге тырысамыз. Тыңдармандар өзін үйде отырғандай сезінеді. Әдеттегідей, концерт шамамен төрт сағатқа созылады. 50-ге жуық туынды шырқалмақ. Бишілер мен актерлерді санамағанда, жүзге жуық әнші өнер көрсетеді.

Биыл да кеш ерекше жұптардың орындауындағы әндермен есте қалмақ.

Құлақтан кіріп, бойды алар небір тәтті саз қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлары сөзсіз. Кеш жақындаған сайын бишілер қауымы да тыным таппауда.

«Салтанат» би ансамблі мың бұралған биімен әдеттегідей кештің сәнін келтіреді. Ұжымның 40 бишісі өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл ансамбль «Алматы – іңкәрім менің» фестиваліне 10 жылдан бері қатысып келе жатыр.

Назгүл Хәкімова, «Салтанат» би ансамблінің баспасөз хатшысы:

- Фестивальде қазақстандық әншілерімізге би билеп, сондай бір көмектесіп, жақсы көріністер көрсетеміз. Өзіміздің қазақ ұлттық дәстүрін халыққа паш етіп – бір жағынан, екінші жағынан – сәнін келтіреміз.  

Алматыға шексіз махаббатын білдірушілер Алатау бөктерінде сенбіде бас қосады. Отандық жұлдыздардан өзге кеш қонақтары қатарында Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева, Игорь Николаев бар. Ретро-кештің билеттері қазір ticketon.kz сайтында сатылып жатыр. Тағы айта кетейік, шарадан жиналған ақша Арыс қаласындағы балаларға көмек ретінде беріледі. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.