{metadescription}
Эксклюзив: Бес жыл бойы қыстақта құлдықта жүріп қорлық көрген! 
Эксклюзив: Бес жыл бойы қыстақта құлдықта жүріп қорлық көрген! 

Эксклюзив: Бес жыл бойы қыстақта құлдықта жүріп қорлық көрген! 

Қарағанды облысында туыстары қыстақтан тапқан Нарынбет Жұмағұлов өзін сол жерге полицейлер апарғанын айтып отыр. Бара сала мал бағудан бастап, барлық қара жұмысқа жегілген. Дегенін істемесе, көк ала қойдай сабаған. Сөйтіп 5 жыл жүрген жігітті екі күн бұрын Жәйрем ауылы маңынан тауып, полицияға хабар берген. Нарынбет Жұмағұлов КТК тілшісіне қыстақта көрген қорлығын айтып берді.   

Нарынбет Жұмағұловтың құлдықтан босап шыққан кездегі түрі өте аянышты. Әбден жүдеген, үсті-басы кір-кір, киімінің сау тамтығы жоқ. Мал бағып жүрген жерінен ағасы осы күйінде тапқан. Інісін алып кетпек болғанда қожайындары жетіп келіп, қоқаң-лоққы көрсетіпті. 

Қамбат Жұмағұлов, Нарынбет Жұмағұловтың ағасы:

- Қорықтық. Өйткені біз үшеуақпыз, олар – алтау. Қолдарында не тығып тұрғанын білмейміз. Өлтіріп кете ме, атып кете ме? Жәйремнің милициясына телефон соқтық, Ағадырға қарағанда Жәйрем жақын. Жәйремнің милициясы «қолымыз тимейді, старшыйымыз жоқ» деді. Ең болмаса, форма киген бір-екі адам жібер, көмектесіңдер десек, бармаймыз деді. Жаңаарқадан шұғыл топ келгенше, үрейленіп бір жарым сағат отырдық.  

Қарағандыдағы үйіне жеткен Нарынбет жуынып-шайынып, адам қалпына келді. Бірақ үйден шығуға, бөтенмен сөйлесуге қорқады. Бес жылда көрген қорлығын айтқанда өңі бозарып, тілі күрмеледі. Айтуынша, 2012 жылы үйден жұмыс іздеп Жаңаарқа ауданына кеткен. 2014 жылға дейін әркімге бір жалданып жұмыс істепті. Тиын - ебенін жинап, 2014 жылдың мамырында үйіне кетуге жиналған. 

Нарынбет Жұмағұлов:

- Аялдамада қалтамда шамалы тиынмен арақ ішіп отырғанда екі полиция УАЗ-бенен келді. Жаңа Жәйремнің полиция бөліміне алып барды. Менімен сөйлескен капитан, атын білмеймін, сол алдай бастады, айта бастады. «20-30 қой, 50 шақты сиыры бар қыстаққа барасың ба?» - деп сұрады. «Бәрін төлейміз» - деді. «Е, болды» - дедім. Қуантай Бекмолдин Бижанович деген Жейремнің учаскелік полция бөлімінің испекторы екен.

- Ұлы ма?

- Иә, ұлы. Аға лейтенант.

Дегенмен ол қыстақ қожайынының ұлы кейін Ішкі істер органынан жұмыстан шықты дейді. Мұны полиция департаменті де растап отыр. Ал оның әріптестері жеткізген жұмысшы сол бойы қыстақтан шыға алмаған. Қашып та көріпті. «Бірақ ұстап алып, көк ала қойдай қып сабады», - дейді.

Нарынбет Жұмағұлов:

- Екі рет қаштым, екі ретінде де өздері ұстады.

- Қол жұмсады ма?

- Жұмсады ғой. Күнде шамалап ұрады, Берікбол дегені берік ұрады да, Серікбол дегені оған серік болып, ақырындап жәй ұрады. Тағы оның жиендері бар Төлеутай деген, Бойня дегенің бар. Төлеутай деген жиені атпен сабаған. Түске дейін қойды қараймын. Одан кейін үйде боқ-моқ, күл, су.

Нарынбеттің айтқан сөздерін полицейлер жазып алды. Адамды заңсыз бас бостандығынан айыру бабы бойныша іс те қозғалды.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Шағымданушының көрсеткен фактілерін жанжакты тергеу максатында ҚК 126 бабы, 1- бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс ІІМ дәне департамент басшылығының бақылауында.

Нарынбет Жұмағұлов мыңғырған малы бар фермердің өзі ғана емес, қарамағындағыларды ұрып-соғатын бала-шағасы да «жазаға тартылса» дейді. Айдалада өзі би, өзі қожа боп алғандар әбден еркінсіген көрінеді. Сонымен қатар, Нарынбетті іздеп, талай қыстаққа барған туыстары, сондай жерлерде жүрген жұмысшыларды «полиция тексерсе» дейді. Өйткені құлдықта жүргендерге сырттан көмек келмесе, мынадай қожайындардан құтылмайды екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде