{metadescription}
55 жоба! Қытайдан қандай қауіп төніп тұр?
55 жоба! Қытайдан қандай қауіп төніп тұр?

55 жоба! Қытайдан қандай қауіп төніп тұр?

Қытаймен бірлескен 55 жобаға қарсы елдегі наразылықтардан кейін Үкімет арнайы мәслихат өткізіп, сол жобалардың егжей-тегжейін түсіндіріп берді. Вице-премьер Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қытаймен бірлескен жобалардан Қазақстан миллиардтаған пайда тауып, жұмыссыздық мәселесін шешеді. 15 жоба тіпті іске асырылып та жатыр екен. Ал қалғаны бір Маңғыстау облысында емес, бүкіл ел аумағы бойынша орналасады дейді премьердің орынбасары. Бірақ ел дүрлігетіндей, Қытайдан қандай қауіп төніп тұр? Бұл қандай жобалар?

Қазақстанға құйылған бүкіл шетелдік инвестицияның ішінде Қытайдың үлесі – 5-6 пайыз. Вице-премьер Жеңіс Қасымбектің айтуына қарағанда, бұл – соңғы 10 жыл ішінде өзгермей келе жатқан статистика. «Қытай компанияларымен бірлесе салынатын Қазақстандағы зауыттың барлығы Маңғыстау облысында болмайды», - дейді Қасымбек. Оның үстіне үлкен дау туғызған 55 жобаның 15-і жүзеге асырылған.

Жеңіс Қасымбек, Премьер-министрдің орынбасары:

- 15 жоба – 3,9 млрд. АҚШ доллары. Қазір осы 15 жобада 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 95 пайызы осы жобаларда Қазақстанның азаматтары жұмыс істеп жатыр. Мен білетін мына 15 компанияның бәрінде басшылықта өз азаматтарымыз, яғни Қазақстанның.

Ресми дерекке қарасақ, қазір елімізде 20 мыңдай шетелдік компания мен олардың филиалдары жұмыс істейді. Ең көбі Ресейге тиесілі. Солардың ішінде 5-6 пайызы Қытайға немесе Қытаймен бірлескен компаниялар. Ал Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалардың ең көбі Еуроодақ елдерінің еншісінде. Ресей, Түркиянікі де аз емес. Сосын Қытай компанияларының 55 жобасы бар.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 55 жобаның көбісінде тек Қытайдың қаражаты мен жаңа технологиялары қолданылады. Мәселен, Қызылорда облысында былтыр ерекше цемент зауыты салынған. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында күн мен су энергиясын пайдалану бойынша жобалар қолға алыныпты. 

Жеңіс Қасымбек, Премьер-министрдің орынбасары:

- Осы жобалардың көбісінде Қытай жағынан тек қана қаржыландыру мәселесі. Мысалы, Бозшакөл, ол жақта Қытай жоқ. Тек қана қаржы сол жақтан келді. Қалғаны бәрі өзімізден. Ол жақтан технология келді. Басшылықта қытайлар жоқ. Тек қана өз азаматтарымыз.  

Айта кетсек, елдегі Қытай компанияларына қарсы шаралары бірер күн бұрын Жаңаөзенде басталған. Батыстағы наразылық еліміздің тағы бірнеше қаласында жалғасын тапты. Қарсылық акцияларының ауқымы ұлғая бастаған соң, алдымен жергілікті атқамінерлер, іле-шала Үкімет назар аударып, жағдайды түсіндіріп беруге мәжбүр болды.

Қасымбек келтірген деректерге қарағанда, Қытаймен бірлескен 55 жобаның жалпы құны 27 миллиард доллар. Оның шамамен 20 миллиардынан астамы Қытай жақтан. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде айтылып жатқандай, бұл жобалардың елімізге қауіп-қатері жоқ. «Ол жобалар Қазақстанға ауадай қажет», - дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде