{metadescription}
«Алматы - іңкәрім менің»: Әр ән тамсандырар қойылымға айналады
«Алматы - іңкәрім менің»: Әр ән тамсандырар қойылымға айналады

«Алматы - іңкәрім менің»: Әр ән тамсандырар қойылымға айналады

Көптен күткен ән мерекесі - «Алматы - іңкәрім менің» фестивалінің басталуына аз уақыт қалды. Қазір өнерпаздар думанды кешке соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Сағындырған хит әндер шырқалатын шара бұл жолы Алматының орталық саябағында өтпек.

Орталық саябақта мерекелік атмосфера. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Фестивальдің шымылдығы түрілетін сәт жақындаған сайын дайындық қыза түсуде. Ұйымдастырушылар да, өнерпаздар да тыным таппай жүр. Техникалық топ сахнаны сақадай-сай етіп қойыпты.

«Алматы - іңкәрім менің» ретро-фестивалі биыл қала тұрғындарын 18-інші рет әнмен тербемек. Мұнда шырқалатын хит туындыларды отандастарымыз әлі күнге дейін жақсы біледі, сүйеді және шырқап келеді. Құлақтан кіріп бойды алатын, алыста қалған күндерді еске салатын әндерді жұрттың тағы бір мәрте тыңдап, ерекше әсерге бөленері сөзсіз. Ұйымдастырушылар дәстүрлі шараны биыл да жоғары деңгейде өткізуге барын салған. Әдеттегідей, фестивальде шырқалатын әр ән кішігірім спектакльге айналмақ.

Ертең сахнада отандық ең танымал жұлдыздардан бөлек, шетелдік қонақтар Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева, Игорь Николаев ән шырқайды.

Шараны ұйымдастырушы «Дегдар» қоры жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ. Қаражат Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен балалар үйіне көмек ретінде беріледі. Ретро-фестиваль 7-ші қыркүйекте сағат 19-ға белгіленген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде