{metadescription}
Ақордада Арыста арпалысып, араша болған азаматтар марапатталды
Ақордада Арыста арпалысып, араша болған азаматтар марапатталды

Ақордада Арыста арпалысып, араша болған азаматтар марапатталды

Арыстан Ақордаға! Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы апат кезінде адам өміріне араша түскен тұрғындар мен міндетін мінсіз атқарған бір топ жауынгерді мемлекеттік наградамен марапаттады. Мемлекет басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында 70 бөбектің өмірін құтқарған балабақша жүргізушісі мен балалар ауруханасының медбикесі де бар.

Гауһар Уәлиханова, «Алтын тұмар» балабақшасының меңгерушісі:

- Таңертең балалар тамақ ішіп жатқан. Бір сәтте жаралыстың дүмпуімен есіктерезелеріміз құлай бастады. 17 баланы есепшінің жеке көлігіне салып алып шұғыл қауіпсіз жерге апаруын тапсырдым. 12 баланы күзетшінің көлігіне отырғызып жөнелттім. Қалған 84 баланы өз күшімізбен, әрқайсымыздың қолымызда 23 баладан жетектеп әкеттік.

Барлығы 40 азамат Ақордаға арнайы шақырту алды. Президент алдымен Арыстағы төтенше жағдай кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған отандастарымызға алғысын білдірді. Кейін әскерилерге ІІ және III дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін табыстады. Бұдан бөлек, қаланы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан еріктілер мен қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге «Шапағат» медалін тақты.

24-ші маусымда әскери гарнизондағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, қаланың 85 пайызы қирап қалған болатын. Сол күннен арнайы штаб құрылып, жөндеу жұмыстары жанданған. Дегенмен әлі күнге жөндеу жұмыстары аяқталмағандықтан, ауқымды шаруа 20-шы қыркүйекке дейін жалғаспақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

- 24 маусым халқымыздың тағы бір сынақтан сүрінбей өткен күні ретінде тарихта қалды. Арыс тұрғындарының тыныштығы бұзылғанымен, елдің рухы түскен жоқ. Әрине, ең өкініштісі – жарылыс салдарынан бірнеше азаматымыз қаза тапты. Біз қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса білдік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде