{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай зауыттарының салынуына қарсы наразылыққа не деді? 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай зауыттарының салынуына қарсы наразылыққа не деді? 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай зауыттарының салынуына қарсы наразылыққа не деді? 

Президент бүгін Қытай зауыттарының салынуына қарсы наразылықтарға қатысты тіл қатты. «Қазақстан әрдайым ұлттық мүдделерді бірінші орынға қояды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Соңғы уақытта «жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің ескі 55 зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Біз ұлттық мемлекеттік мүддені қашанда бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтам, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұңмұқтажын ескереміз, ол басты назарда болады.

Тоқаевтың айтуынша, шетелдік инвестициялар қажетті салаларға ғана тартылады. Оның маңызы да зор. Шетелдік инвестициялардың арқасында табысқа кенелген Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея сынды елдерді мысалға келтірді. Екінші жағынан, мұндай қауесет тарату – геосаясат құралы дейді президент. Өйткені адамдардың патриоттық сезімін өз пайдасына жаратқысы келетіндер осындай өсек жайып, ел ішіне ылаң салуға құмар екенін еске салды.

Айта кетсек, елімізде қытай ақшасына салынатын 55 зауытқа қарсы наразылық шаралары апта басында Жаңаөзенде басталған еді. Кейін Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жалғасты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде