{metadescription}
Еуразия сән апталығы: Жас дизайнерлердің жеке кәсібін ашуға жағдай жасалатын болды
Еуразия сән апталығы: Жас дизайнерлердің жеке кәсібін ашуға жағдай жасалатын болды

Еуразия сән апталығы: Жас дизайнерлердің жеке кәсібін ашуға жағдай жасалатын болды

Алматыда жас дизайнерлер бас қосты. Оңтүстік астанада алғаш рет Еуразия сән апталығы өтіп жатыр. Енді еліміздің жас сәнгерлерінің өз өнімін брендке айналдыруына мүмкіндік туды. Өйткені халықаралық деңгейде ұйымдастырылған фэшн шара бастаушы дизайнерлерге тек әдемі көйлектерін подиумға шығарып қана қоймай, жеке кәсібін ашуына жағдай жасамақ. Сәнді киінуге жаны құмар жандар асыға күткен көрсетілім ертең өтеді.

Жас дизайнерлер өздері кесіп-пішкен киімдерін халық алдына шығарып, жыл бойы жасаған жұмысына есеп береді. Сондай-ақ, көрермен көзайымына айналғандар шетелдік танымал дизайн жазғы мектептеріне жолдама ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – еліміздің жеңіл өнеркәсібін қолдау және отандық сән индустриясын алға жылжыту.

Ирина Байжанова, Eurasian Fashion Week жобасының бас продюсері:

-  Eurasian Fashion Week-тің өзге сән апталарынан ерекшелігі – кәсіби диалогтың бизнес алаңы. Басты мақсатымыз – Қазақстанда жасалған жас дизайнерлердің өнімдерін брэндке айналдыру, әлемдік нарыққа шығару.

Алты елден 30-дан астам дизайнерлер келді. Олар мұнда өз киім үлгісін  көрсетіп қана қоймай, тәжірибесін де арттырып, әлемдік дизайнерлерден де сабақ алады.

АҚШ-тан келген Стефан Рабимов «Сән және саясат» дәрісін өткізді. Ол әріптестеріне сән үлгісінің ел саясатына да үлкен әсері бар екенін айтты. 

Стефан Рабимов, сән сыншысы:

- Мен әр елдің сән үлгілерін мысалға келтіремін. Қалай сәнді екенін  және арнайы форманы кию керектігін айтамын. Өйткені әр мекеменің, әр кәсіпорыннын өзіндік арнайы киімі болуы шарт. Мәселен, спортшылар олимпиадалық ойындарда бірдей үлгідегі киім кисе, ол сенің ғана емес, еліңнің қандай екенін танытады, деңгейі мен дәрежесін көрсетеді.

Ұйымдастырушылар алдағы жылы сары түске басымдық беріп отыр. Фэшн мереке екі күнге жалғаспақ. Көрсетілім біткеннен кейін сауда орталықтарының бірінде қызу сауда басталады.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.