{metadescription}
Оралдықтар 10 жыл бойы қоқыс түтініне қақалып отыр
Оралдықтар 10 жыл бойы қоқыс түтініне қақалып отыр

Оралдықтар 10 жыл бойы қоқыс түтініне қақалып отыр

Қолқаны қапқан жағымсыз иіс! Орал тұрғындары жергілікті биліктен қоқыс полигонын жабуды талап етті. Қаланың бар қалдығы төгілетін аумақтан бықсыған түтін тыныштық бермегеннен бұрын, түрлі ауруға душар етеді екен. Талай табалдырықты тоздырған тұрғындар әкімдіктен полигонның нақты қашан жабылатын уақытын айтуды сұрайды.

Қоқыс полигоны бұрын қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасқан болатын. Уақыт өте көлемі үлкейген соң Зашаған кентінің іргесіне жетті. Соның салдарынан бір ауданның адамдары күн сайын бықсыған түтіннің тамақты қышытуынан еріксіз оянуға мәжбүр.

Нұртас Сафуллин, Орал қаласының тұрғыны:

- Түн ортасына қарай үй ішін түтін алады. Ұйқыдан шошып оянып, атып тұрамыз. Жүгіріп, не істерімізді білмейміз. Терезені жабамыз. Бірақ оған қарамай, түтін ішке кіріп тұра береді.

Полигонның бықсығанына біраз болды. Кешқұрым қоқыстың түтіні аспанда қара түнек орнатып төнетін көрінеді. Тұрғындар төтеншеліктерге дамыл бермей хабарласқанымен, «қолдан келер қайран жоқ» дейді.

Самал Құрманғали, Орал қаласының тұрғыны:

- Қалалық, облыстық әкімдіктен ешқандай көмек жоқ. Бұл деген бір жыл, екі жыл емес, 10 жылдан бері келе жатқан проблема. Сондықтан жоғары жақтан көмек сұраймыз. Түтіннен тіпті жақын жердегі нәрсені де көре алмайсың. Денсаулыққа қанша зиян келіп жатыр!

Қанша жылдан бері бұл мәселені шешуге әлі келмеген әкімдіктегілер тұрғындарды сабырға, сәл шыдамға шақырып отыр. Олардың айтуынша, көп өтпей жаңа полигонның құрылысы басталады.

Асхат Шадияров, Орал қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары:

- Жаңа полигонның құрылысының аумағы 70 гектарды құрайды. Оның құрылысын 2020 жылдың екінші жарты жылдығында басталады, бюджеттік өтінім сұралатын болады, қаражат.

Жаңа қоқыс полигоны жұртшылықты жарылқағанша, ескісі жұмысын тоқтатпайды. Яғни денсаулығына алаңдаған тұрғындардың ашуын төзімге жеңдіруден басқа амалы жоқ.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.