{metadescription}
Қазқұтқару-2019: Құтқарушылар табиғат апаты мен тосын жағдайға қаншалықты дайын?  
Қазқұтқару-2019: Құтқарушылар табиғат апаты мен тосын жағдайға қаншалықты дайын?  

Қазқұтқару-2019: Құтқарушылар табиғат апаты мен тосын жағдайға қаншалықты дайын?  

Таңбалы тас шатқалындағы төтеншеліктер тартысы! Алматы облысында Қазқұтқару-2019 көпсайысы басталды. Жарысқа қатысушылар он күн бойы түрлі табиғат апаты мен тосын жағдайға қаншалықты әзір екендігін көрсетіп, шеберлігін паш етпек.

Тар қуыстан зардап шеккен жанды қауіпсіз аймаққа алып шыққан құтқарушыларға титтей қателік жасауға жол жоқ. Өмір мен өлім арасында жанталасқан олар өзіне жүктелген міндетті қысқа уақытта мүлтіксіз орындауы тиіс. Сол себепті құтқарушыларға қойылатын талап та күшейген.

Бақыт Ембергенов, Қызылорда облысы ТЖД өкілі:

- Оңай жері жоқ. Барлық жердің қиындығы бар. Жақсыжаман жағы бар. Бірақ қиын жағы – техногенді жағы. Өйткені барлығы өзінің күш құралдарымен жұмыс жасайды.

Кезекті республикалық Қазқұтқару көпсайысына 16 команда қатысты. Барлығы да сайдың тасындай іріктелген қарулы жігіттер. Әлбетте мұндай жарыс қатарға қосылған жас қызметкерлерге тамаша бағыт-бағдар береді деген ұйымдастырушылар келер жылы төтеншеліктерді сындарлы сәт күтіп тұрғанын айтады.

Талғат Нұрмағамбетов, ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары:

- Биыл құтқарушыларымыздың шамашарқын байқағымыз келеді. Себебі келесі жылы ширек ғасыр толатын мерекелік оқу-жиын ұйымдастырамыз. Оған Ресей, Әзірбайжан, Беларусь Украина және Қырғызстанның өкілдерін шақырамыз. Тіпті алыс шет елден де қонақтар келуі мүмкін.

Таңбалы тас шатқалында біліктілігін сынға салған құтқарушылардың әр минуты санаулы. Әсіресе ертең сайыстың көркі қызып, қатысушылар тауға өрмелеп, әуеде де, су бетінде де шеберлігін көрсетеді.

Еліміздегі ең үздік құтқарушыларын анықтайтын жиын 10 күннен соң аяқталады.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде