{metadescription}
Ақтөбеде аң шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасқа түсті
Ақтөбеде аң шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасқа түсті

Ақтөбеде аң шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасқа түсті

Ақтөбе облысында аң шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер шенеуніктердің үстінен жаппай шағымданып жатыр. Өйткені аймақтағы инспекция олардың он жыл бойы бақылап келген жерлерінің жалға алу мерзімін ұзартқысы келмейді. Кәсіпкерлердің жабайы аң-құсты қорғауға түк пайдасы жоқ деп отыр. Ал бизнесмендердің бұған көнгісі жоқ. Олар құзырлы орындарға арызданып, инспекторларды жазалауды талап етуде.

Кәсіпкер Николай Выходец 10 жыл бұрын Алға ауданындағы аң шаруашылығына тиесілі жерді жалға алып, қырғауыл өсіруге кіріскен. Жұмыртқасын жан-жақтан жинап, жабайы құстың аймақтағы санын көбейтіпті. Енді осы «еңбегім еш кететін болды» деп отыр. Өйткені инспекциядағылар оған жерді жалға беру мерзімін ұзартудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Николай Выходец, кәсіпкер:

- Аңшылық шаруашылығымда қорықшы жоқ, аңқұсты он жыл бойы түгендемеген, тағы басқа заңсыздықтарды жазып, елу беттік акті толтырған. Шенеуніктердің мұнысы өтірік. Менде он үш қорықшы жұмыс істейді. Жабайы құс өсіріп отырғанымды ел біледі. Бас пайдам үшін емес, осы табиғатты қорғау үшін еңбек етіп жатырмын.

Жалғыз Выходец емес, облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы да Ақтөбе қаласының іргесіндегі жерінен айырылған. Олармен де келісімді ұзартудан шенеуніктер бас тартыпты.

Алексей Гогель, Ақтөбе облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының төарағасы:

- Хромтаудағы аң шаруашылығымен айналысатындардың жұмысын қайта жандандыруға рұқсат берді. Шамасы, олардан мін таппаған шығар. Ал біздегі қателікті санамалап шығыпты. Құжатта аумақ күзетілмейді, қорықшылар жоқ депті, мен ешқайсысымен келіспеймін. Біздің қоғам қаншама жылдан бері осы іспен айналысып келедіжатыр емес пе?

Ал инспекция басшылары кәсіпкерлерді айыптап отыр. Өйткені олар жалға алған аумақтың аң-құсын қорғауға еш жағдай жасамаған көрінеді. Он жылда заңсыз аң аулап жүргендерді бірде-бір рет ұстамаған.  

Әнуарбек Бермағанбетов, Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Олар айтып отыр, менің қорықшыларым бар, заң жүзінде тиісті шара атқарады, заң бұзушылық анықтады деп. Олардың қорықшыларымен қозғалған әкімшілік іс жоқ. 10 жыл ішінде болған да жоқ. Жануарлардың санағы жүргізілген жоқ.

Аймақтық инспекциядағылар арызданып жүрген аң шаруашылығымен айналысушыларға бұған дейін «айыппұл салып, ескерту де бердік» деп айтады. Әйтсе де, жерді жалға алу мерзімін ұзартпағанымен, сол аймақтың аң-құсын қорғауға жарияланған тендерге қатыса алады екен. Оған қазір кәсіпкерлерден құжат қабылдап жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде