{metadescription}
Контрабанда: Алтынкөлде темекі өнімдері мен қытай дәрілері тәркіленді
Контрабанда: Алтынкөлде темекі өнімдері мен қытай дәрілері тәркіленді

Контрабанда: Алтынкөлде темекі өнімдері мен қытай дәрілері тәркіленді

Айласын асыра алмады. Алматы облысындағы Алтынкөл кеден бекетінде ойыншық қораптарына тығылған ірі көлемдегі темекі өнімі тәркіленді. Контрабандашылар осылайша шекарадан заңсыз тауарды өткізіп оңай олжаға кенелмек болған.

Күдіктілердің жолын кеденшілер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері кесті. Олар Қытайдан тиелген өнімді Қазақстанға өткізбек болған.

Тәркілеу кезінде бас-аяғы 230 келіге тартатын 8 500 қорап темекі шықты. Контрабандалық тауар ойыншық жәшіктерінен бөлек, төсек жабындысына арналған қораптардың да ішінен анықталды.

Құрықталғандар Қазақстанда тыйым салынған 268 келі Қытай дәрісін де аспалы шамның жәшігіне тыққан. Қазір өнімдердің арғы беттен бергі жаққа қалай оңай өтіп кеткеніне байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша кінәлілерге тиісті жаза қолданылады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде