{metadescription}
Адасқандар! Тұманда қалып, оңбай үсіген туристер құтқарылды
Адасқандар! Тұманда қалып, оңбай үсіген туристер құтқарылды

Адасқандар! Тұманда қалып, оңбай үсіген туристер құтқарылды

Алматыда тауда адасқан туристер құтқарылды. Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан ерлі-зайыптылар түнімен жол таппай үсіп қалған. 

Адасқандарды 18 адамнан құралған арнайы топ тоғыз сағат дегенде әзер іздеп тапты. Белгілі болғаны, ерлі-зайыптылар Солтүстік Тань-Шаньның биігін бағындыруға таңсәріде кеткен. Алайда ауа райы бұзылып, туристер тұманда қалып қойған. Оларды түні бойы іздеген құтқарушылар тек ертесіне таңда шамамен 3500 метр биіктікте тапты. Бастан-аяқ малмандай су болған 31 жастағы жігіт пен 27 жастағы қыз жарақаттанып, оңбай үсіген екен.

Еске салсақ, Тань-Шаньның қырғыз бетінде Жеңіс шыңына шығар жолда 1 альпинист қаза тауып, екеуі жоғалған болатын. Туыстары тірі деп сенген Андрей Корнеев пен Мұрат Өтепбаевті құтқарушылар бірнеше күн қатарынан іздеп, ақыры таба алмады.

Валерия Заявленских, Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз хатшысы:

- Екеуінің жолы болды. Тауда көп жерде ұялы телефон ұстамайды. Олар белгі бар жерді тауып, хабарласа алды. Туристер тауға жазғы киіммен шыққан. Құтқарушылар өз киімін шешіп берді. Сондықтан туристерге тауға шығарда міндетті түрде жылы киініп, туыстарына айтып кетуді ескертеміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде