{metadescription}
Қызылжар: Якорь білім ордасы оқу жылына дайын болмай шықты
Қызылжар: Якорь білім ордасы оқу жылына дайын болмай шықты

Қызылжар: Якорь білім ордасы оқу жылына дайын болмай шықты

Қызылжар өңіріндегі ауыл жұрты балаларын мектепке жіберуден қорқып отыр. Өйткені Якорь елдімекеніндегі білім ордасы жаңа оқу жылына дайын болмай шыққан. Нысанда әлі де күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қазір оқушылар шаң-тозаңның арасында құрылысшылармен қабаттасып білім алуда. Ал тұрғындар жөндеу біткен күннің өзінде, салынғанына жарты ғасырға жуықтаған нысанда оқыған қауіпті деп есептейді.

Якорь – ауылдағы жалғыз мектеп. Білім ордасын жөндеу жұмысы шілдеде әрең қолға алынған. Ал сабақ басталғанда құрылыс қыза түсіпті. Оқушылар шаң-тозаңның ортасында  білім алып жүр. Қазір үш қабатты мектептің спорт залы, асханасы, интернаты мен балаларға арналған шағын орталығы дайын емес.

- Олар келе жатқанда мына жерде тұрып Құдайға сиынамын, үстіне бірдеме құлап кетпесе екен, мектептен тірі оралса екен деп...

Білім ордасы 1975 жылы бой көтеріпті. Кейін мектеп апатты деп танылып, бір рет күрделі жөндеуден өткен. Ал нысанды екінші мәрте жөндеу «бос әурешілік» дейді тұрғындар.

Ирина Исаенко, Якорь ауылының тұрғыны:

- Бетон құю жұмыстары 2003 жылы жасалды. Сол кезде құрылысқа үш жыл кепілдік берілген. Содан бері, міне, 16 жыл өтті. Ғимараттың жағдайын ешкім тексерген жоқ. Ал қазір апатты күйде екені сыртынан-ақ көрініп тұр. Мұнда оқу өте қауіпті.

Тұрғындар ауылға жаңа мектеп салатын кез келгенін айтады. Бірақ оның орнына шенеуніктер күрделі жөндеуге деп 53 миллион теңге бөлген. Бірақ бұл жұмыстардың өзі «шала-шарпы істеліп жатыр» дейді ата-аналар. Құрылысқа арзан жұмыс қолы тартылған көрінеді. Сондықтан оның сапасын тексеру туралы шенеуніктерге өтініш жасаған. Соған сәйкес, арнайы комиссия құрылып, қайта мемлекеттік сараптама жасалатын болыпты.

Алма Нұрғалиева, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

- Негізі жобалық-сметалық құжаттар жасалғанда ғимарат мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның қорытындысы бойынша нысанның жағдайы қанағаттанарлық деп жазылған. Бірақ қазір ата-аналардың шағымына сай қайтадан комиссия құрып, мемлекеттік сараптамаға тапсырыс бердік.

Енді сараптамадан соң, бұл мектепте білім алудың қаншалықты қауіпті екені белгілі болады. Ал күрделі жөндеудің қашанға дейін созылатынын ешкім білмейді. Құрылысқа жауаптылар тілшілерден қашып кетті. Олар білім ордасын бүгін тапсыруы тиіс болған. Шенеуніктер жұмысты дер кезінде аяқтамаған мердігер компанияны сотқа бергенін айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде