{metadescription}
Жалдамалы баспана: Бес жылға айына 10-12 мың теңге!
Жалдамалы баспана: Бес жылға айына 10-12 мың теңге!

Жалдамалы баспана: Бес жылға айына 10-12 мың теңге!

29 жасқа дейінгі жастарға жалдамалы тұрғын үй қалай беріледі? Үкімет болашақта сатып алу құқығынсыз тапсырылатын баспаналарға құжатты қарашада қабылдайды. Қатысушыларға қойылатын басты талап – тұрақты жұмысының болып, иелігінде үйі болмауы шарт. Оған қоса, үкімет үміткерлердің «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшоты болуын қадағалайды. Өйткені арзан бағаға үй жалдағандар болашақтағы үйі үшін банкте ақша жинауға міндетті.

Мадияр Қожахмет, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасы:

- Үміткердің қызметтегі жетістіктері бойынша тиісті куәлік, растайтын құжатын көрсетсе, қосымша тағы жеңілдіктер беріледі. Бұл – өз мамандығында, өз саласында жетістіктерге жетіп жатса, сондай жастарға алдын ала үй беруге мүмкіндік болады. Бұған қоса, отбасы және балалары болған жағдайда қосымша балл беру қарастырылған.

Үміткерлерді іріктеу кезінде отбасылы адамдар, жас кәсіпкерлер мен бюджеттік ұйымның қызметкеріне басымдық беріледі. Оған қоса, сұранысқа ие мамандық иесі бірінші кезекте баспаналы болуы мүмкін. Шенеуніктер осы талаптарға сай келетін елордалық, алматылық және Шымкент тұрғындарына 3 мыңнан аса пәтер бермек. Оның жалпы аумағы 40 шаршы метрден аспайды. Жалдамалы баспанаға қол жеткізгендер 5 жылға айына небәрі 10-12 мың теңге төлеп тұрады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде