{metadescription}
Еліміздің бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатын болды
Еліміздің бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатын болды

Еліміздің бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатын болды

Микро және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін ел бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылады. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, кәсіпкерлерден жыл сайын осынша ақша түсіп отырыпты.

Енді бизнесмендер үш жылға табыс салығынан босатылатындықтан, қазына әр жыл сайын 200 миллиард теңге кірістен қағылады. Дегенмен премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл қаржы экономикалық тұрғыдан қайтарылады деп отыр. Өйткені мұндай көмек кәсіпкерлердің аяққа тұрып, жұртты жұмыспен қамтуына септігін тигізеді. Ал елімізде микро және шағын бизнеске ие 200 мыңға жуық кәсіпкер бар. Ай сайынғы табысы 800 мың теңгеге дейінгі бизнесмендерді салықтан босату туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын. Дегенмен оларға қатысты талап күшейтіледі.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Барлық кәсіп иесі онлайн кассалық аппарат пайдалануға міндетті. Әрі қолмақол төлем жасай алмайтындарға терминалдармен қызмет көрсетуі тиіс. Мұндай posтерминалдар барлық бизнес иесінде болуы керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде