{metadescription}
Шымкентте жаппай төбелескен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте жаппай төбелескен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жаппай төбелескен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте оқушылар арасындағы жаппай төбелеске қатысқан екі жасөспірім абақтыға қамалды. Қала орталығында тапа-тал түсте бір-бірін атуға дейін барған оларға қатысты «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Олардан пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленіп алынды. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыс бірбірін жақтырмау салдарынан болғаны анықталды.   

Мектеп оқушылары арасындағы келіспеушілік неден шыққаны сол күйі белгісіз.

Айта кетсек, кеше түс уақытында көршілес гимназия мен лицейдің оқушылары көшеде жаппай төбелесіп, бір-біріне тас лақтырып, қарудан оқ атқан. Соның салдарынан 16 жасар оқушы қолынан жарақат алып ауруханаға түскен. Төбелестің соңынан жеткен тәртіп сақшылары 17 оқушыны полиция бөліміне жеткізді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде