{metadescription}
Университет ректоры 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді 
Университет ректоры 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді 

Университет ректоры 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді 

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры істі болып жатыр. Азамат Едірісов Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ғылым қоры» акционерлің қоғамының басшысына 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді.  

53 жастағы Азамат Едірісовтің аталмыш қызметке тағайындалғанына 7 ай ғана болды. Оның алдында Білім минситрлігінде, кейін Назарбаев университетінде лауазымды қызмет атқарған. Қазір ол денсаулығына байланысты уақытша жұмысында жоқ екен.

Тергеу мәліметінше, ректор министрлік жанындағы «Ғылым қоры» компаниясының бұрынғы басшысы Әнуарбек Сұлтанғазинге пара берген. Сұлтанғазин Едірісовтен 5 мың долларды ғылыми жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсету үшін алды деп айыпталып отыр.           

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде