{metadescription}
Ақтаулық үлескерлерді сан соқтырған кәсіпкер әйел сотқа келді
Ақтаулық үлескерлерді сан соқтырған кәсіпкер әйел сотқа келді

Ақтаулық үлескерлерді сан соқтырған кәсіпкер әйел сотқа келді

Ақтаулық үлескерлер өздерінен 2 миллиард теңге алып сан соқтырып кетті деген айыппен істі болып жатқан кәсіпкер әйелді сот ғимаратына кіргізбей, жолын бөгеді. Ол жұрттың қыруар қаржы құйған пәтерлерін бірнеше адамға сатып жіберіпті. Құрылыс компаниясының директоры қазір сол үшін шатылып жатыр. Бұған қарамастан, айыпталушы тұралап қалған үйлердің құрылысын өзге мердігерге беруден бас тартып жатыр дейді ашынған халық.

Ақтау қалалық сотының алдында бүгін адам көп. Мұнда өзіне тиесілі баспанасын ала алмай жүрген үлескерлер жиналды. Ашулы жұрт су жаңа пәтерге құрылыс компаниясына бастапқы жарна ретінде жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден аса қаражат құйған. Бірақ пәтерлері әлі жоқ.

Тұрарбек Дүйсекешов, үлескер:

- Мен алайын деп жүрген пәтердің 5 иесі бар болып шықты. Ол шаршы метрлерді біреуіне қалдырып, қалғандарымыз жоғары қабаттағы пәтерлерді алатын болып келістік. Бірақ кәсіпкер оларды да бірнеше адамға сатқан екен. Түсінесіздер ме? Біз далада қалдық.

Осылай 450 адам жер сипап қалған. Алданған халық пәтерлерінің кілтін қолына қыркүйек айында алуы тиіс еді. Бірақ, өткен жылдың соңында бір пәтер бірнеше адамға тиесілі екенін біліп төбесіне жай түскендей болады. Бар былық әшкере болғанда кәсіпкер әйел жұртқа пәтерін қайтарып беруге уәде етіпті. Сөйтіп үлескерлермен және жаңа құрылыс компаниясымен үш жақты келісімге отырған. Жаңа мердігер үйлерді соңына дейін салып бітірмек болады. Бұл үшін компания жер телімін және салынып бітпеген нысандарды өз меншігіне алуы тиіс еді. Тек аңқау жұрттың сеніміне кіріп сан соқтырған әйел соңында бұл келісімнен айнып шыға келген.

Алмагүл Қуандықова, үлескер:

- Әуре-сарсаңға түскенімізге бір жыл болды. Алаяқ кәсіпкер құжаттарға қол қойып, бәрін жаңа компанияға өткізуі керек болған. Бірақ әр нәрсені сылтауратып созғылап жүр. Бұл барып тұрған бассыздық! 

Жұрт сот ғимаратының алдында алдап кеткен әйелден құжатқа қол қойып, жұмысты жаңа мердігерге тапсыруын талап етті. Оның жолын бөгеп, ішке кіргізбей қойды. Ал Сәнгүл Аманжолованың зардап шегушілермен сөйлесуге құлқы болмады. Оның орнына адвокаты жауап қатты.

 Әнуар Әбдірахман, С. Аманжолованың адвокаты:

- Келісімге келуден, қол қоюдан бас тартып жатқан ешкім жоқ. Кеше бізге берді. Соны оқып танысуға уақыт керек. Себебі, ол келісім көп. Соны оқып танысамыз, сол жерде қол қоямыз.

Айыпталушы сотта құжаттармен танысып нақты шешім қабылдауға бір тәулік уақыт сұраған. Ал үлескерлер: «Сәнгүл Аманжолова құжаттарға қол қойып берсе, пәтерге қатысты қулығын кешіреміз» - деп отыр. Бірақ бұл кәсіпкерді жазадан құтқара алмайды. Өйткені оған қатысты іс «алаяқтық» бабы бойынша жүріп жатыр.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.