{metadescription}
Анастасия Галееваны өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Анастасия Галееваны өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Анастасия Галееваны өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған 22 жастағы Анастасия Галееваның ісіне қатысты нүкте қойылды. Сот 27 жастағы Евгений Степановты – 12, ал 25 жастағы Асхат Баржақсынды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Мұхитдин Тоқтақынов, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Степанов Евгений ҚР ҚК 99 бабы, 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияда өтесін. Баржақсын Асхат  ҚК  432 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтесін.

Кінәлі деп танылған қос азаматтың кәмелет жасына толмаған балалары бар. Судья осыны да ескердім дейді. Сотталғандар марқұм Анастасия Галееваның жақындарына моралдық зиян келтіргені үшін де ақы төлеуге міндеттеліп отыр. Евгений Степанов – 3, ал Асхат Баржақсын 1 миллион теңгеден беруі тиіс.

Бүгінгі сот процесінде ақтық сөз алған Асхат Баржақсын Галееваның туыстарынан кешірім сұрап, қылмысты жасырғанына өкінетінін айтты.

Еске салсақ, ақпан айында Анастасия Галеева із-түссіз жоғалып, денесі көктемде Алматыдағы су арналарының бірінен табылған. Марқұм жақын құрбысының үйіне барып есірткі шегіп көңіл көтерген соң көз жұмған. Кейін күдікті ретінде ұсталған екі ер адамның қызды зорлағаны дәлелденді. Артынша мәйіттен құтылу үшін оны кілемге орап суға ағызып жіберген. Жалпы істі қарау барысында 17 рет сот сараптамасы жүргізіліпті.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде