{metadescription}
Ақтөбе облысы үкіметтен үшінші сорт бидай сұрауға мәжбүр
Ақтөбе облысы үкіметтен үшінші сорт бидай сұрауға мәжбүр

Ақтөбе облысы үкіметтен үшінші сорт бидай сұрауға мәжбүр

Ақтөбе облысында нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Өңірде қуаңшылықтан егін шықпай қалғанын бұрын хабарлағанбыз. Жергілікті билік қазір үкіметтен азыққа үшінші сорт бидай сұрап отыр.

Әсіресе Әйтеке би ауданының диқандары шаш етектен шығынға батыпты. Олар әр гектарынан небәрі 1-2 центнер бидай алған. «Енді егіні қурап қалған шаруалардың тек несиесін уақытша тоқтатуға ғана көмек бере аламыз», - дейді жергілікті шенеуніктер. Әзірге сегіз ірі шаруашылық қарызын кейін төлеуге өтініш білдірген. Әкімдіктегілер олардың саны ай соңында астық ору науқаны біткен соң артады деп отыр. Ал облыс тұрғындарын нанмен қамту үшін 200 мың тонна астық жетпей тұр. Мұны үкімет қордан бөлуге уәде етіпті.

Асылхан Абтиев, Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Азықтың бидай қорынан біз бір жылдыққа 190 мың тонна бидай сұрап отырмыз. Ал малға қажетті жемге 65 мыңдай сұрап отырмыз. Үкімет тарапынан бидай бөлінеді. Сондықтан нанның қамбаттауы туралы қазір айту қиын. Нарық өзі көрсетеді.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде