{metadescription}
Теңгенің еркін айналымда болғаны тиімді ме?
Теңгенің еркін айналымда болғаны тиімді ме?

Теңгенің еркін айналымда болғаны тиімді ме?

Теңгенің еркін айналымда болуы тиімді. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, сұраныс пен ұсыныс валютаның бағамын анықтайды.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

- Егер қазіргідей жағдайда валютаны қандай да бір дәлізде ұстайтын болса, оның дұрыстығына күмәнмен қарап отырады. Мұндай жағдайда керісінше, валютаны сатып алған жөн. Өйткені ол өзгеруі мүмкін. Сондықтан менің ойымша, валютаның еркін айналымда болғаны.

Сондайақ, министр әлемдік инфляцияны тежеуге болмайтынын айтты. Керісінше, ел ішіндегі құнсызданумен күресуіміз керек дейді. Оның екі жолы бар: біріншісі – ішкі өнімнің өндірісін арттыру. Импортқа тәуелділіктен құтылу.

Алғашқысын жолға қою үшін «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы қолға алынды. Осы мақсатта бизнеске 600 млрд. теңге бизнеске бөлінді. Сөйтіп, кәсіпкерлер күнделікті сұранысқа ие тауарларды көптеп шығаруы тиіс.

Отандық өнімның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін арнайы жоба әзірленіп жатыр. Бірақ Ұлттық экономика министрі жоспарын жұртқа қашан жариялайтыны белгісіз.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде