{metadescription}
Қылмыстық кодекстегі өзгерістер! 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан кімдер айырылады
Қылмыстық кодекстегі өзгерістер! 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан кімдер айырылады

Қылмыстық кодекстегі өзгерістер! 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан кімдер айырылады

Әйел зорлағандардың ісі ауыр қылмысқа жатады. Бұған дейін оларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Енді аталмыш бап айтарлықтай күшейтіліп жатыр. Бас прокуратура Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жөнінде бүгін толық мәлімет берді.

Бұдан былай кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық әрекеті жасалса, 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмақ. Интернет арқылы есірткі саудалау мен бірнеше қайтара браконьерлікпен айналысқандар да ауыр қылмыс жасағандардың қатарына енгізіледі. Ал табиғат қорғау инспекторларына қарсы күш қолданылса, ол құқық қорғау органы өкіліне қарсы күш қолданғанмен бірдей болып есептеледі. Қарақшылық шабуыл жасап, мал ұрлайтындардың ісі де ауыр қылмыстар санатына өтпек.

Қылмыстық кодекстегі бұл өзгерістер енді Парламент қарауына ұсынылады. Ауыр қылмыстар бойынша баптың ерекшелігі – тараптардың татуласу мүмкіндігі жоқ.

Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

- Енді жәбірленушімен татуласуға мүмкіндік бермейді. Қылмыстық іс тергеліп, соның түбіне жеткенше сотқа барып, не болмаса ақталып, болмаса өзінің жазасын алғанша, тергеу барысында бұл іс қысқартылмайды. Қысқартылса, тек қана ақталатын себептермен. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде