{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына Назарбаевтың сәлемін жеткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына Назарбаевтың сәлемін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына Назарбаевтың сәлемін жеткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Қытай елінде ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы бүгін Си Цзинпинмен кездесті.  

Президент ретінде Қытайға алғаш рет сапарлап келген әріптесін төраға ерекше құметпен қарсы алды. Протоколда бекітілген ресми шаралар аяқталған соң тараптар кеңейтілген құрамда кездесу өткізіп, «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуін бірлесе іске асыруға келісті.

Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша келісімге жасалды. Жалпы, президент сапары кезінде құны 42 миллиард доллар болатын 107 коммерциялық құжатқа қол қойылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бүгін біз бірлескен мәлімдемеге қол қоямыз, онда Қазақстан мен Қытай мәңгі, жанжақты, ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытады. Жоғары деңгейге қол жеткізілген бұл келісім ары қарай да ынтымақтастықтың салиқалы құқықтық және саяси негізі болады деп санаймын.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде