{metadescription}
Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң қабылдануы мүмкін
Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң қабылдануы мүмкін

Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң қабылдануы мүмкін

Кредиттік рақымшылық әлеуметтік теңсіздік туғызды. Қаржылық қиындығына қарамастан несиесін уақытында төлеп жүргендерге әділетсіздік болды деген мәжілісмендер, болашақта кредиті барлар үкіметке тағы алақан жаймас үшін «Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы» заң қабылдауды ұсынды. Тіпті депутаттар мұндай заң жобасын әзірлеп қойған.

Дәния Еспаева, Мәжіліс депутаты:

- Әрине, үкімет мұқтаж жандарға қолдау көрсетуі тиіс. Дегенмен мұндай жағдай кредитін уақытында төлеп жүргендерге жасалған әділетсіздік деп білемін. «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары 2015 жылы «Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы» заң жобасын әзірелді. Алайда үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы оны қолдамады.

Үкімет ол уақытта Қаржы министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп 2017 жылы заң жобасын әзірлейді деп сендірген. Содан бері 2 жарым жыл өтсе де, құжаттың қарасы көрінбейді. Оған қоса жалпыға бірдей декларацияны желеу еткен үкімет бұл мәселені тағы кейінге шегеріп, 2025 жылға қалдырған. Осыған шамданған ақжолдықтар кей тұрғындар 5 жылда 5 рет кредит алып, оны тағы «өтеп беріңдер деп талап етуі мүмкін» дейді. Сондықтан депутат Дәния Еспаева: «Тиісті заң қабылданбаса, қазына қаржысынан борышкерлердің берешегін өтеуге әлі талай миллиондар кетеді», - деп отыр.

Айта кетейік, қыркүйектің басында Президент жарлығымен 507 мыңнан астам адамның берешегі кешірілді. Ол үшін бюджетен 105 млрд теңге бөлінді.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде