{metadescription}
Ақтөбе облысында ителгі ауламақ болған Сирияның азаматтары ұсталды
Ақтөбе облысында ителгі ауламақ болған Сирияның азаматтары ұсталды

Ақтөбе облысында ителгі ауламақ болған Сирияның азаматтары ұсталды

Ақтөбе облысында саятшылыққа келген Сирияның бес азаматы ұсталды. Олар аталмыш аймақта ителгіні заңсыз ауламақ болған. Әрекеттерін ешкімнен жасырмаған.

- Қазақстанда ителгі Қызыл кітапқа егізілгені туралы білдіңіздер ме?

- Енді... ммм... онша тыйым салынбағанын білеміз. Қатаң тыйым салынбаған...

Шетелдік браконьерлер жолсерікке ақтөбелік тұрғынды жалдаған. Ол үш көлікпен Сирияның бес азаматын ителгі мекен ететін Байғанин ауданындағы Доңызтауға жеткізеді. Сол жерде кептерлер ұшырып, ителгіні тірідей ауламақ болыпты. Оларды қорықшылар айдалада шатыр тігіп жайланып жатқан жерінен көрген. Шағын шатырларының біріне елу кептерді қамаған. Оны Арал қаласынан сатып алғанын айтып отыр.

Сириялықтар Қызыл кітапқа енген құсты аулап үлгермегендіктен жеңіл жазамен құтылды. Бірі тек 25 мың  теңге айыппұл төлесе, біреуін он бес күнге абақтыға қамады. Көші-қон заңын бұзғаны үшін қалғандарының да үстінен әзірге н әкімшілік хаттама толтырып жатыр.    

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ителгі Қазақстан Республикасында Қызыл кітапқа енген құс. Оларға аңшылық немесе ұстауға тыйым салынған. Сирияның азаматтары арнайы Қазақстанға ителгі аулауға келгенін айтты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде