{metadescription}
Леңгір мектеп-лицейінің оқушысы улы зат шашып, оқушылар мен мұғалімдер ауруханаға түсті
Леңгір мектеп-лицейінің оқушысы улы зат шашып, оқушылар мен мұғалімдер ауруханаға түсті

Леңгір мектеп-лицейінің оқушысы улы зат шашып, оқушылар мен мұғалімдер ауруханаға түсті

Түркістан облысында оқушылар жаппай уланып ауруханаға түсті. Леңгір қаласындағы №7 мектеп-лицейдің дәлізінде 10-сыныптың оқушы қызы белгісіз құтыдан улы зат шашқан. Соның салдарынан 32 оқушы мен 4 ересек адам ауруханаға түсті. Қазір мәселенің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Леңгірдегі №7 мектеп-лицейде оқушылардың асыр салып ойнап жүргені бүгін ғана. Кеше мұғалімдер мен оқушылар сабақ өткізіп, білім алмақ түгілі ес жиюға шамасы болмады. 10-сыныпта оқитын қыз 15 минуттық үлкен үзіліс кезінде дәлізде өзі әкелген құтыдан улағыш спрей шашқан. Соның салдарынан үзіліс кезінде дәлізге шыққан оқушылар мен мұғалімдердің көзі ашып, жөтеліп, демалуы қиындап кетіпті.

Жамбыл Орынбаев, №7 мектеп-лицейдің директоры:

- Көшеден, яғни сабаққа келе жатқан кезде жолдан тауып алған. Көлемі 78 см спрейге ұқсас нәрсені тауып алған. Соны мектептің дәлізінде шашқан. Өзінің үстіне сеуіп көрген, не нәрсе екенін білуге. Өзін қорғайтын құрал дейміз ғой, сондай нәрсе. Барлығы бірінші ауысымда, бізде 735 оқушы оқиды. Сол 735 оқушының 711-і эвакуцияланды, далаға шығарылды. Оның ішінде 70 техникалық қызметкер мен мұғалім бар.

Оқу жайына қалып, ұстаздар оқушыларды кездескен көлікпен ауруханаға жөнелтілген. Мектептегі удан жалпы 36 адам ауруханаға түссе, соның 32-сі оқушы. Көпшілігі бірнеше сағат бақылауда болып, жағдайы жақсарған соң үйіне жіберілсе, орта дәрежелі уланған 11 оқушы балалар бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Олардың арасында улы газды шашқан қыз да бар.

Гүлжазира Әмірқұлова, Леңгір қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Олардың жалпы жағдайы қазір қанағаттанарлық. Емдерін алып, жалғастырып жатыр. Үлкен 4 кісіміз үйге қайтарылды. Жағдайы жақсы деген балаларымыз кеше екіүш сағат бақылауда болып үйіне қайтарылды. Ауруханаға түскендегі шағым: басы ауырып, айналып, құсып, жүрегі айнып, тамағы ашып, бір иісті сезгендей күйде болды.  

Дәрігерлер балалардың кейбірі жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр деген ақпаратты «жаңсақ» дейді. Кешелі бері уланған оқушыларға дәрі-дәрмектен бөлек психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр.

Ақ халаттылардың айтуынша, оқушылардың қатарға қосылуына әлі 4-5 күн бар. Мектеп жіберіп алған бір күнгі оқуды сенбі ауыстырды. Қазір білім ордасындағы жағдай Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Нақты қорытынды бірер күнде айтылуы тиіс. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде