{metadescription}
Туберкулезбен ауыратын мұғалімдер сабақ беріп жүрген
Туберкулезбен ауыратын мұғалімдер сабақ беріп жүрген

Туберкулезбен ауыратын мұғалімдер сабақ беріп жүрген

Алматыда жеті мұғалім туберкулезбен ауырып сабақ берген! Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тексеріс барысында осындай сұмдықтың бетін ашты. Сондай-ақ, 18 оқушы өкпе құртын жұқтырғаны анықталды. «Қайта науқастар дерттің жабық түрімен ауырған», - дейді санитар-дәрігерлер. Қазір сол науқас мұғалімдер мен оқушылар ем-дом қабылдап жатыр. 

Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті білім ошақтарында ауқымды тексеріс өткізіп, біраз сұмдықтың бетін ашты. Олар оқушыларды білім нәрімен сусындататын мұғалімдер денсаулықтарына немқұрайлы қарайтынын жеткізді.

Айзат Молдағасымова, Алматы қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы:

- 100 аспаптықзертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақтылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. Жеті мұғалім мен 18 оқушыдан туберкулез анықталды. Бұл мұғалімдердің салғырттығы деп білемін.

Мектептегі асханалардың да жағдайы мәз емес. Тексеріс барысында 27 асхана санитарлық ережені өрескел бұзғаны анықталды. Жауапты департамент вакцинадан бас тартып жатқан ата-аналардың әрекетін түсіне алмай дал.

Айзат Молдағасымова, Алматы қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы:

- Ағымдағы жылы 522 вакцинадан бас тарту анықталды. Салдарынан эпидемиологиялық жағдай ушыққан. Иммунды емес популяция саны да өскен. Вакцина қорғайтын инфекцияның таралып жатыр. Мектеп ұжымы атааналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Өкпе дертіне шалдыққан жасөспірімдердің саны жыл санап көбейіп жатқанын тәуелсіз сарапшылар да растап отыр. Тек ауыр дәрілерден гөрі дәстүрлі еммен, тәбиғи шөп-дәрумендермен емделгенді құп көреді. Өйткені антибиотиктер әлсіз иммунитетті одан сайын әлсіретеді дейді қазақтың дәстүрлі емін жаңғыртып жүрген осындай орталықтың басшысы Сүлеймен Маралбай.

Сүлеймен Маралбай, медициналық орталықтың диекторы:

- Осы кезде туберкулездің жасөспірімдерде көбеюі – дұрыс тамақтанбау және ауадан. Балалар кішкентайынан антибиотик қабылдайды. Ол дұрыс емес. Вирус тарап, ауруын асқындырады. Менің кеңесім: табиғи шөпдәрілерге баланы кішкентайынан үйрету.    

Бүгінде өкпе дертін жұқтырған мұғалімдер мен оқушылар ем-дом қабылдап жатыр. Сондықтан мектеп басшылары ата-аналардың еш алаңдамауын жеткізді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.