{metadescription}
Жұмысшы кәріз құбырындағы нәжіс суына тұншығып өлді
Павлодарда сұмдық оқиға болды. 22 жастағы жұмысшы кәріз құбырын жөндеп жатып нәжіс суына батып кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.09.2019
Куәгерлердің сөзінше, құдыққа түскен жігітті құбыр бойындағы қалдық судың ағысымен алып кеткен. Оның денесі елу метрге дейін қалқып барыпты. Комуналдық мекеме жұмысшылары келесі құдықтан сүйреп шығарды. Сол жердегілер дем беріп көргенімен, кеш еді. Ол кәріз құбырының бойындағы суға тұншыққан. Қазір тәртіп сақшылары оқыс оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ