{metadescription}
Күйдіргі жұқтыру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Күйдіргі жұқтыру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Күйдіргі жұқтыру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында адамдардың күйдіргі жұқтыруына қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Ветеринарлық ережені бұзу» бабымен қозғалған істің аясында қауіпті індеттің неден, қайдан таралғаны анықталмақ.

Күйдіргіні жұқтырған төрт адам ауруханада ем алып жатыр. Аймақ басшысының айтуынша, олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Кесел тараған ауылда әзірге карантин жарияланбайды. Ветеринарлар алдымен ауру ошағын анықтауы қажет. Сондай-ақ, күйдіргіден өлген 20-дан астам ірі қараның еті шұжық цехына тапсырылды деген ақпараттың рас-өтірігі де анықталуда. Індетке шалдыққан адамдармен байланыста болғандар жаппай тексеріліп жатыр.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:

- Науқастармен байланыста болды деген күдікпен сол адамдарды да қарап, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң аясында тиісті шаралар атқарылуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.