2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Эйр астана: Ұшақтан шыққан ақауға байланысты арнайы комиссия құрылды
Эйр астана: Ұшақтан шыққан ақауға байланысты арнайы комиссия құрылды

Эйр астана: Ұшақтан шыққан ақауға байланысты арнайы комиссия құрылды

Елордада ұшақтан шыққан ақауға байланысты арнайы комиссия құрылды. «Эйр астана» әуе компаниясына тиесілі Airbus-тың қозғалтқышы кеше істен шығып, шұғыл әуежайға қайтуға тура келген.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Оқыс оқиғаны тексеруге бүгін арнайы комиссия құрылды.Олар барлығын анықтайды. Кейін тексеру қорытындысын ресми сайтымызда жария етеміз.

Ішінде 123 жолаушы болған ұшақ негізі Нұр-Сұлтаннан Бейжіңге бағыт алған еді. Бірақ көкке көтерілгенде әуе кемесінен ақау шығып, экипаж кері оралған.

Бұл – істен шыққан қозғалтқыштың суреттері. Қоғам белсенділерінің айтуынша, «Эйр Астанаға» тиесілі қозғалтқышынан ақау шыққан осымен 10-шы ұшақ. Сондықтан Airbus Neo ұшағын қолданыстан шығару туралы түрлі бастама көтеріліп жатыр. Бірақ әуе тасымалы саласының сарапшылары мұның негізсіз екенін айтады.

Игорь Петяшин, Бас авиациялық инспектор:

- Бұл ұшақтың қозғалтқышы мықты әрі үнемді. Негізі ұшақ қолданысқа берілген, алғашқы жылдары, мұндай ақаулар болып тұрады. Бірбірте мұның барлығы қалпына келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде