{metadescription}
Тас-талқаны шыққан көліктегі жолаушының жаны аман қалды
Тас-талқаны шыққан көліктегі жолаушының жаны аман қалды

Тас-талқаны шыққан көліктегі жолаушының жаны аман қалды

Тас-талқан болған «Тойотаның» ішінен шығарып алды! Алматы іргесінде болған жантүршігерлік жол апатынан құтқарушылар жолаушының өмірін сақтап қалды. 31 жастағы ер адам көлік ішінде қыстырылып қалған.

Көп қанын жоғалтқан жолаушыны жол полицейлері де, дәрігерлер де бір сағатқа жуық тас-талқаны шыққан көліктің ішінен шығара алмай әбден әбігерге түсті.

Жол апаты Іргелі ауылында болған. Қатты жылдамдықпен жүйіткіген қос «Тойота» бетпе-бет соқтығысқан. Абырой болғанда жүргізушілер мен басқа жолаушылар дін аман. Тек алдыңғы орында қыстырылып қалған азаматтың ғана өміріне қауіп төнген. Ақыры болмаған соң, жол апаты болған жерге құтқарушылар жасағы шақырылды. Олар көлікті екіге бөліп, қаңсыраған жігітті аман-есен алып шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде