{metadescription}
Дабыл! Алғабаста көпқабатты үйдің қабырғасы қақырай бастады
Дабыл! Алғабаста көпқабатты үйдің қабырғасы қақырай бастады

Дабыл! Алғабаста көпқабатты үйдің қабырғасы қақырай бастады

Атышулы Алғабаста тағы бір көпқабатты үйдің қабырғасы қақырай бастады. Тұрғындардың айтуынша, күн өткен сайын пәтерлердің есік-терезесі қисайып, іргетасы семіп бара жатыр. Дабыл қаққан көпшіліктің жалғыз талабы – үйдің құрылысына қатысты тәуелсіз сараптама жасату. Себебі, көпқабатты үй құлайды ма деп қорқады.

Сапасыз құрылыстың әлегі. Алматыда Зерделі ықшамауданында тұратын жұрт дабыл қағып отыр. Нөмері 144 үйдегі пәтерлердің есік-терезесіне сызат түскен. Айтуынша, тоғыз қабатты баспана алдыға қарай қисайып барады. Ал ғимаратқа кепілдік мерзімі биыл аяқталған. Айдана Шүйіншәлиева – жеті баланың анасы. Алтын алқа иегері перзенттеріне жанын шүберекке түйіп отыр.

Айдана Шүйіншәлиева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Үйдің есіктері дұрыс жабылса да ашылмай қалады. Ашылса жабылмайды. Үйдің қисайғаны анықталып отыр. Ол бір жылдан бері «келеміз, жасап береміз» деді. Сол күйі әлі келген жоқ.

Жоғары қабатта әлеуметтік баспананы паналайтын келіншек үйді апатты деп танымаса, ертең бәрі кеш болады деген пікірде. Алғабастағы жұрт осыдан үш жыл бұрын үйі 40 сантиметрге қисайған тұрғындардың кебін киеміз бе деп үрейлі.

Гүлдәурен Бақбергенова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына үйлердің сыртындағы темірлерге қарасаңыз қисайғанын анық байқайсыз. Қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Жаңбыр жауған сайын айналаны су басып, үйдің іргетасын отырғызады. Толықтай тексеріс жасалғанын қалаймын.

Мердігер компанияның вице-президенті Мейіржан Досанов алғабастықтар «босқа даурығып отыр» деген ұстанымда. Арнайы мамандарын ертіп келген ол көптің уәжін «негізсіз» дейді.

Мейіржан Досанов, «Астана құрылыс» компаниясының вице-президенті:

- Монолитін менің бригадаларым көтерген. Мына монолит үйлер ешқашан құламайды. Ол құлауы үшін  төрт метр қисаюы керек, сол кезде құлайды. Алаңдауға еш негіз жоқ. Дұрыс түсінбеген. Құрылысты түсінбегеннен кейін адамдар өздерінше аузына келгенін айта береді.

Тұрғындар қалалық билік пен құрылыс компаниясы өкілдерінің сөзіне мүлдем сенбейді. Сондықтан өздері тоғыз қабатты үйге тәуелсіз сараптама жасауды көздеп отыр. Өйткені барлығы да үйдің сапасы сын көтермейді деген ұстанымда.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.