{metadescription}
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті абыройын сақтап қалуға бел буды
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті абыройын сақтап қалуға бел буды

Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті абыройын сақтап қалуға бел буды

Абыройымызды айрандай төкті. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін сотқа беруі мүмкін. Мұның алдында санитар-дәрігерлер жоғарғы оқу орнының жатақханасын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтағанын журналистерге жария еткен. Тіпті аталмыш университеттің студенттері жатақханадағы орын тапшылығынан оқу залында тұрып келгенін де мәлімдеген.

Білім ордасының басшылығы бұл ақпарат абыройымызға нұқсан келтірді деп отыр.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің дауға айналған оқу залы. Санитар-дәрігерлердің мәліметінше, жатақханадан орын бұйырмаған студенттер осы бөлмені паналап келген. Алайда университет өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Айтуларынша, аты дардай білім ордасы мұндай келеңсіздікке жол берген емес. 

Айнұр Исаева, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ департамент директоры:

- Біз сотқа беруіміз мүмкін. Басшылық осы мәселені талқылап жатыр. Себебі, тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі шындыққа жанаспайды. Олар біздің абыройымызға нұқсан келтіріп отыр. 2016 жылдан бастап білім гранты 70 пайызға көп бөлінді. Сәйкесінше, жатахана барлығына бұйырмайды. Бірақ бұл мәселе республикадағы барлық университетке ортақ.

Еске салсақ, тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова күні кеше ғана брифинг өткізіп, санитарлық ережені өрескел бұзған үш жоғары оқу орнын атаған еді. Қара тізімге Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті де іліккен. Тексеріс қорытындысы бойынша жауапты департамент жатақханалардың жұмысын тоқтатуға қатысты 11 істі сотқа жіберген. 

Айзат Молдағасымова, Алматы қалалық Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- ҚазҰТУнің №3 жатақханасында 53%-ға артық жүктеме анықталды. Осындай жағдайда өмір сүретін студенттердің аурушаңдығы жылдан жылға өсіп келеді. Талап бойынша бір студентке 6 шаршы метр берілуі тиіс керек болса, тексеру нәтижесінде 150 студентке арналған орында 253 студент тұрып келген. Бұл білім ордасының оқу залында 36 шаршы метр алаңда 10 студент тұрған.

Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің басшылары өзіне шаң жуытар емес. Оқу ордасынің өкілдері 2000 адамға шақталған студенттер жатағында 5-10 пайыз ғана орын тапшылығы бар екенін алға тартады. Олар санитарлық ережелерге де бейжай қарамаймыз деп отыр. Сондықтан университет атына кір келтірген жауапты департаменттің өзін сотқа бермек.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде