{metadescription}
45 жастағы әйел жақын туыстарын пышақтап тастады
45 жастағы әйел жақын туыстарын пышақтап тастады

45 жастағы әйел жақын туыстарын пышақтап тастады

Алматы облысында екі адамды өлтірген әйел ұсталды. 45 жастағы күдікті Бәйдібек би ауылындағы емші мен оның анасын пышақтап тастаған. Қолын қанға малған келіншек оны жауыздыққа белгісіз бір күш итермеледі дейді. Қаза тапқандар күдіктінің жақын туысы екен. Ал ауыр қылмыстың ізін суытпай ашқан полицейлер қамауға алынған әйелдің ақыл-есінде ауытқушылық болуы мүмкін дейді.

Бәйдібек би ауылында тапа- тал түсте жеке үйдің ауласында жатқан екі адамның мәйітін алғаш көршілері көріпті. Полиция мен жедел жәрдем жеткенше жантәсілім еткен марқұмдардың денесінің сау-тамтығы жоқ. Екеуі де бірнеше жерден пышақталған.

Дәмір Мырқасымов, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының тергеушісі:

- Бәйдібек би ауылы Садықов көшесіндегі үйдің ауласынан екі әйелдің мәйіті табылды. Жас шамасы 4045. Аталған дерек бойынша жедел іздеу шараларын жүргізу барысында қылмыс істеді деген күдікпен азаматша ұсталып, ҚР ҚК 128 бабына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Сол күні-ақ қолға түскен күдікті де осы ауылдың тұрғыны болып шықты. 45 жастағы келіншек марқұмдардың туысы екен. Өз жақындарына жауыздық жасаған әйел нағашы апасы мен бөлесінің үйіне емделуге келгенін айтады. Тергеу барысында ол өзінің жарты жылдан бері қорқынышты түс көріп, түнде біреудің буындыратынын айтқан. Дертіне дауа іздеп келгенде туыстарымен шекісіп қалып, арты қан-жоса қырғынға ұласқан.

- 16шы күні болған оқиға туралы не айта аласыз?

- Тәтемнің үйіне бардым. Қызы халық медицинасымен мені қарады. Енді ем болмайды, адам болмайсың дегендей айтты.

«Адам болмайсың» деген сөзді көтере алмаған күдікті қолын қанға малғанын енді ғана түсінген секілді. Қылмысын толық мойындап отыр. Тәртіп сақшылары оның ақыл есінің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу керек дейді.

Дәмір Мырқасымов, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының тергеушісі:

- Бір күштертүнде келіп қылқындырады екен. Ұйықтай алмай, өзінің істеген әрекеттері есінде қалмайды екен. Соны бізге айтып түсіндірді. Бұл жағдай бойынша сараптама тағайындаймыз. Қорытындысымен бәрі белгілі болады.

Әзірге тергеу амалдары толық аяқталған жоқ. Ал күдіктінің ешқандай психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрмағаны белгілі болды. Енді полицейлер нағашы мен бөлелердің не бөлісе алмай қалғанын анықтауы тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.