{metadescription}
Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді
Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді

Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді

Целлофан қалталар бұдан былай тегін болмауы мүмкін. Әдетте дүкендерде зат салып беретін полиэтилен қалталарды енді ақшаға ұсынып жатыр.

Айгүл Соловьева, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы: 

- Дүкендерде берілетін кішкентай пакеттер табиғатты бүлдіруімен қатар, оларды қайта өңдеу – қиын. Оның орнына қазір көптеген өндірушілер биологиялық ыдырайтын немесе қағаз пакеттер шығарып жатыр. Ал біз экологиялық ұйым ретінде осы бастаманың жүзеге асуын бақылауға алып отырмыз.  

Экологтардың айтуынша, соңғы уақыттары қалдықтарды төгетін орындардың талапқа сай болмауынан табиғатқа айтарлықтай зиян келіп жатыр. Мысалы, жыл сайын елімізде 4 миллион тоннадан астам қалдық төгіледі. Ал былтыр елімізде бей-берекет төгіліп жатқан 8 қоқыс полигоны анықталды. Бізде қолданылатын полиэтилен қалталардың 90 пайызға жуығы Қытайдан әкелінеді. Өйткені, отандық өндірушілер бәсекеге шыдамайды. Ал мұндай материал табиғатта өздігінен ыдырамай ұзақ уақыт жатады.

Статистика бойынша елімізде жыл сайын полиэтилен пакеттердің 15 миллион данасы қолданылады. Министрлік пен экологиялық ұйымдар енді соның санын қысқартуға кіріспек.

Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Дүкенде 5 немесе 10 теңгеге сататын болса, онда 30 пайызға осы пакеттерді тұтыну көлемі азаяды. Біз соған шақырамыз. Ал болашақта полиэтилен пакеттерді қолдануға толығымен тыйым салуға ісшаралар қарастырылатын болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде