{metadescription}
Әбіләзовтің сыбайластарына сот үкімі шықты. Іздеуде жүргендер өз еркімен берілді
Әбіләзовтің сыбайластарына сот үкімі шықты. Іздеуде жүргендер өз еркімен берілді

Әбіләзовтің сыбайластарына сот үкімі шықты. Іздеуде жүргендер өз еркімен берілді

Әбіләзовтің 7 сыбайласына сот үкімі шықты. Іздеуде жүргендер өз еркімен берілген. Оларға 3 миллион 800 мыңнан 7 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.

Сергей Перов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент директоры: 

- Бұл азаматтар тергеу барысында барынша қолғабыс білдіріп, Әбіләзовтің ақша жымқырудағы бүкіл құйтұрқылығын ашып беруге жәрдемдесті. Сот үкім шығарарда олардың Әбіләзовтің бұйрығымен жасалған қылмыстан ешқандай материалдық пайда көрмегенін ескерді.

Жетеуінің үшеуі – Ресей азаматтары. Біреуі – Украина және тағы үшеуі Қазақстан азаматтары. Барлығы кінәларын толық мойындап, істегендеріне қатты өкініпті. Оларға шыққан сот үкімі қазір заңды күшіне енген.

Бұл іздеуде жүрген Әбіләзов сыбайластарының өз еркімен берілуі алғаш рет емес. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта олар да Әбіләзов пен оның ең жақын сыбайластары қылмыстық әрекеттерін қалай жүзеге асырғанын толық біліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.