{metadescription}
Көпбалалы аналардың билікке қойған талабы заңды ма?
Көпбалалы аналардың билікке қойған талабы заңды ма?

Көпбалалы аналардың билікке қойған талабы заңды ма?

Көпбалалы аналар билікке талап қойды. Осымен бесінші күн шенеуніктер отыратын министрліктер үйін мекен етіп жүрген әйелдер бас қаладан баспана сұрайды. Ал атқамінерлер келіншектердің талабы заңсыз деп отыр.

Көпбалалы әйелдер бірнеше күннен бері бар шаруасын жиып қойып көппен бірге жанайқайын жеткізуге шыққан. Талап біреу – үй берсін! Бір бөлмелі емес, үш-төрт бөлмелі пәтер сұрайды. Онда да үкімет ұсынып отырған жалға берілетін пәтерлерді қажет етпейді. Төмендетілген пайызбен бастапқы жарнасыз ипотекаға баспана беруді талап етті. Ашуға мінген әйелдер түнде министрлік үйінің алдында қонған.  

Шырын Әбдіхалыққызы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Біз жалға алған пәтерге онсыз да 7080 мың теңге төлеп отырмыз. Төрт жылдан бері үй кезегінде тұрмыз. Ешқайда жылжымайды. Бізге үй берсін. Ақшасын төлейміз. Бірақ, соңында үй бізге қалатын болсын.   

Зиуаш Жұманова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Әрбір адамға 18 шаршы метрден келеді деп жазылған заңда. Сонда бір бөлменің ішінде күйеуі де, әйелі де тығылысып отырсын ба? Алдымызға шықсын, әйтпесе осында аяғына дейін отыра береміз, осында қонамыз.  

Ал шенеуніктер шыдамның да шегі бар дейді. Ұрандатып елді дүрліктіретін аналарға сабыр етуге кеңес берді. Өйткені баспана көпбалалыларға тек кезек бойынша беріледі. Ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайыздық жеңілдікпен үй алуға мүмкіндігі жоқтарға жалдамалы пәтерлерді беруден басқа жол жоқ деп кесіп айтты.

Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Сабыр сақтау керек. Тәртіппен, кезекпен беріледі. Өйткені жергілікті әкімдіктерге кезек бар. Ол кезектің алдына ешкім шыға алмайды. Олар келеді. Көмектесіңізші, беріңізші деп. Не, мен бере алмаймын, министр, үкімет басшысы да бере алмайды. Өйткені заң бар.

Сол заң шеңберінде әрекет етеміз деген билік биылдың өзінде көпбалалы аналарға 8 мыңға жуық баспана береміз деп уәде етті. Ал үш жылда оларды үймен толық қамтамасыз етеміз деген атқамінерлер осы уақыт ішінде шамамен 18 мың баспана салуды жоспарлап отыр.

Үй сұрап министрлікті жағалап, басқа аналарға күтуден басқа жол жоқ секілді. Себебі шенеуніктер далада түнесе де, баспана кезегін жылжыта алмайтынын кесіп айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.