{metadescription}
Қыз зорлап сотталған Хакимов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Қыз зорлап сотталған Хакимов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Қыз зорлап сотталған Хакимов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Түрмеде қыз зорлап 9 жылға сотталған Руслан Хакимов бостандыққа шықты. Ол Наталья Слекишинаға қорлық көрсеткені үшін ауыр жаза арқалаған болатын. Алайда темір торда небәрі үш жыл отырған офицер үш ай бұрын мерзімінен бұрын босатылыпты. Бұл жаңалық жәбірленуші тараптың қытығына тиіп отыр. Өйткені Слекишина бұрынғы түрме қызметкерінен әлі моральдық өтемақы мен алимент өндіре алмай жүр. Сондықтан Хакимовті қайта қамату үшін құзырлы орындарға арызданбақшы.

Бұрынғы түрме қызметкері темір торда үш жылға жуық отырған. Жазасын Шығыс Қазақстан облысында өтеген ол, биылғы шілде айында Жарма аудандық сотының шешімімен мерзімінен бұрын босатылыпты. Бірақ бұл жауапкершіліктен «біржола құтылды» деген сөз емес. Бас бостандығы шектелген азамат алты жыл пробациялық бақылауда болады.

Қайрат Мырзашев, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы:

- Сотталушы Хакимов Руслан жауапкершіліктен қашып құтылмайды. Ол әрдайым біздің бақылауда болады. Жаза мерзімі толық аяқталғанша, бес жарым жыл бойы рұқсатсыз мекенжайын өзгертуге, жұмыс орнын ауыстыруға, ойын сауық ордасына баруына тыйым салынған.

Ал Наталья Слекишина өзін зорлаған азаматтың түрмеден тым ерте босап шыққанына таң қалып отыр. Өйткені Руслан Хакимов үш миллион теңге моральдық өтемақы мен түрмеде туған некесіз баласына алимент төлемеген. Тіпті бұрынғы офицерді бостандыққа жіберерде сот жәбірленуші тараптың келісімін де алмапты. Сондықтан Слекишина, Руслан Хакимовті қайтадан түрмеге отырғызуды сұрап, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа арыз дайындап жатыр.

Наталья Слекишина, жәбірленуші:

- Ауыр қылмыс жасап сотталған азаматты мерзімінен бұрын босатуға болмайды. Жәбірленуші тарап,  яғни, маған бұл туралы ескерткен де жоқ. Оның үстіне Руслан Хакимов сот шешімімен өтемақы төлеуге міндеттелген. Оны да берген жоқ. 2016 жылдан бері алимент алмаймын. Соған қарамастан, оны мерзімінен бұрын босатып жіберген.

Наталья Слекишинаның өзі де қазір уақытша бостандықта жүр. Ол азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 8 жылға сотталған болатын. Тергеу кезінде Руслан Хакимовтен үшінші баласын туған. Даулы оқиғадан соң қызқұмар офицер тоғыз жылға сотталып, Слекишина бостандыққа шыққан-ды. Сот оның кішкентай баласы барын ескеріп, жазасын өтеуді бес жылға шегерді. Яғни қызы бес жасқа келгенде жазасын өтеушіден аяқасты қоғамдық белсендіге айналып шыға келген Сликишина қайтадан қамауға алынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.