{metadescription}
Шамалған апаты: Зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды
Шамалған апаты: Зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды

Шамалған апаты: Зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды

Шамалғандағы темір жол апатынан зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды. Дәрігерлер бес жасар қыз жансақтау бөлімінен шыққанын қуана хабарлағанымен, жағдайы ауыр екенін айтады. Ал үш жастағы екінші қыздың беті әлі бері қараған жоқ.

Дінмұхамед Рузуддинов, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Үш-төрт күн бұрын бізге Қаскелең ауруханасынан ауыстырылған балалардың үлкені 5 жасар бала қыркүйектің 22-де аппараттан шешіліп, өзі есіне келді. Бүгін нейрохирургиялық бөлімшеге ауысты. Қазір баланың есі жиналды.    

Дәрігерлердің айтуынша, аудандық ауруханадан жеткізілген соң бес жасар қызға ота жасалған. Есін жиған бүлдіршін әдеттегідей тамағын ішіп, тіл қатып жатқанын айтқан ақ халаттылар, бар қиындық артта қалса да, біраз ем қабылдауға тура келеді дейді. Алайда үш жастағы екінші қыздың жағдайы өте ауыр. Қазір ол аппаратпен тыныс алып жатыр. Ал, екі баланың анасы Қалқамандағы ауруханада ем қабылдауда.

Осы айдың ортасында Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы өткел үстіне тұрып қалған автобусты қағып өткен. Ұзын-сонар кептелістің кесірінен қоғамдық көлік ары-бері жүре алмай, арты қайғылы оқиғаға ұласты. Автобус ішіндегі 70-ке жуық адамның көбі көліктен түсіп үлгергенімен, ішінде қалып қойған жүргізуші жан тапсырды. Одан бөлек, жолаушы келіншек пен оның кішкентай екі қызы жараланған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.