{metadescription}
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев Бас ассамблеяда мәлімдеме жасап, әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізуде
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев Бас ассамблеяда мәлімдеме жасап, әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізуде

АҚШ-тан репортаж! Тоқаев Бас ассамблеяда мәлімдеме жасап, әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізуде

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тағы үшінші жұмыс күні басталды. Мемлекет басшысының жұмыс кестесі өте тығыз. Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында мәлімдеме жасап қана қоймай, сессияға барған әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев әр минутты құр жібермеуде. Бас ассамблеяда үзілісті ұтымды пайдаланып, Швейцария, Болгария, Польша, Грузия президенттерімен кездесіп, экономикалық және саяси қарым-қатынасты жандандырып жатыр. Әрі Украина президенті Владимир Зеленскиймен де жолығып, әріптесін Нұр-Сұлтанға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Президент мырза, сізбен кездесудің жақсы мүмкіндігін пайдаланып, Сізді Қазақстанға шын жүректен шақырғым келеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Көп-көп рақмет! Шақыруыңызды қуана қабылдаймын. Біздің тарапымыздан да Сізді қонақжай Украина еліне келуге шақырамыз.

Бүгін де Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз. Дегенмен саяси дебаттар енді ғана басталды. Президент Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі бірде тағы мәлімдеме жасауы керек. Оған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы да екі жақты кездесулері жоспарланған. Дәл қазір мемлекет басшысы Молдова президенті Игорь Додонмен кездесуге дайындалып жатыр. Одан кейін Люксенбург премьер-министрі Ксавье Беттельмен жолығады. Тараптар қандай келісімге келеді және президенттің БҰҰ қабырғасындағы кезекті мәлімдемесі жайлы алдағы шығарылымда толығырақ айтып береміз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде