{metadescription}
Әйелдердің зейнетке шығу жасын азайту жан-жақты сарапталуда
Әйелдердің зейнетке шығу жасын азайту жан-жақты сарапталуда

Әйелдердің зейнетке шығу жасын азайту жан-жақты сарапталуда

Әйелдердің зейнет жасы төмендетілуі мүмкін. Үкімет оны қайта қарастыруды көздеп отыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, тиісті орындар әйелдердің зейнет жасын азайту ұсынысын жан-жақты сараптауға кіріскен. Оған себеп, өткенде президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде әйелдердің зейнет жасын 55-ке дейін түсіру ұсынылған. Дегенмен Үкімет әлем халқының өмір сүру ұзақтығы артып бара жатқанын алға тартып отыр. Демек, зейнет жасы да ұлғаюы керек дейді.

Зейнеткерлік жасы қазір қоғамда жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болғанымен, әзірге үлкен өзгеріс болады деу қиын. Әзірге айтылған ұсынысты тек қарастырып жатыр.

Аталмыш әңгімеге арқау болған 6-қыркүйек күнгі Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылған ұсыныс еді. Онда қоғам белсенділері әйелдердің зейнет жасын 55-ке дейін төмендету керектігін айтқан-ды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, оны бүкіл тиісті орындар қаперге алған.

Дегенмен мәселенің екінші қыры да бар дейді ол. Мәселен, бүгінде әлем халқының өмір сүру жасы ұлғайып барады. Көп жерде әйелдер 65-67 жаста зейнетке шығады. Жасы ұлғайып бара жатқандардың ішінде қазақстандықтар да бар. Сондықтан өмір сүру жасының артуы зейнет жасын өсіруге алып келді дейді ол.

- Бүкіл әлемде әйелдер 65-67 жаста зейнетке шығады. Өйткені өмір сүру ұзақтығы артып барады. Біздің елде де сондай үрдіс байқалады. 65 жастан асқандардың үлесі 7 пайыздан асты. Дегенмен, ұсынысты қарастырып жатырмыз. Тиісті органдар әрқайсысы өз көзқарасын білдіреді.

Не болса да, зейнет жасы сөз болды ғой, қоғам пікірін тыңдап көрдіңдер ме?

Әлбетте, жұртшылық зейнет жасының төмендегенін қалайды.

Қарапайым тұрғындардың айтуынша, қазіргі 58 жас былай тұрсын, бұрынғыдай 53 жастың өзі ауырлық етеді деген пікірде. Өйткені жасы ұлғайған адамға біздің қоғамда жұмыс табыла бермейді. Бұл ең басты қиындық.  

Әсіресе жалғызбасты әйелдердің жағдайында отбасын асырау, бала-шағаның керек-жарағын қамтамасыз ету үлкен ауыртпалық салады. Ал жалақыны күреп табатын жерлерде жұмыс істейтін – негізінен жас мамандар.

Жаңыл Нұрашева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- 53 жастың өзі ауыр жұмыс істегенге. 55тегілер мүлдем жұмыс істей алмайды, ауыр жұмысты.

- Неге?

- Өйткені жасы келген кісілер қиналады ғой. Алмайды жұмысқа үлкен кісілерді. Жастар керек дейді.

Ләззат Назарова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Отбасын асыраймын деп әйтеуір бар мүмкінінше жұмыс істейді ғой. Мамандығы болмаса да. Әйтеуір асырайды. Сондықтан олар тез қартаяды. Одан қалды, көпбалалы аналарға қиын. Тіпті 53 жасқа жете ма, жетпей ме?!

Бүгінде еліміздегі әйелдер санына келсек, 58 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті әйел қауымының саны 5,5 миллионды құрайды. Оның ар жағында 59 және одан үлкен жастағылар, яғни, зейнет жасындағылар 1 жарым миллион адам.

Енді бұл сан алдағы уақытта өзгере бермек. Өйткені 2027 жылға дейін әрбір жарты жыл сайын бір жасқа ұлғайып отырады. Сөйтіп межелі уақытта әйелдердің зейнетке шығу жасы ерлермен бірге 63-ке жетеді. Үкіметтің жоспары солай.

Бахыт Қалекенова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы:

- 2018 жылы әйелдер зейнетке 58 жас 6 айда шықса, 2019 жылы биыл 59 жаста шығады. Мысал үшін, 1960 жылы 20 қазанда дүниеге келген әйел 2019 жылдың 20 қазанында 59 жасында шығады. 

Осылайша әйелдердің зейнет жасына қатысты ұсыныс айтылғанымен, өзгеріс енгізіледі деген сөз емес. Әзірге өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.