{metadescription}
Алматы: Күзетшілер мен сатушылар сот алдына келді
Алматы: Күзетшілер мен сатушылар сот алдына келді

Алматы: Күзетшілер мен сатушылар сот алдына келді

Алматыда базар күзетшілері мен сатушылары сот алдында жауап беріп жатыр. Бас-аяғы жеті адамға алдын ала сөз байласып, 50 миллион теңгеге жуық тауар ұрлады деген айып тағылған. Күдіктілер үш қойма ішіндегі қымбат перделерді үптеп кеткен көрінеді.

«Шығынға баттық» деп шырылдаған кәсіпкерлер күдіктілерге тағылған айып «тым жеңіл» деп отыр. Ұрлыққа түскен топтың бәрі құрықталмаған дейді. Қазір екі адам қамауда отырса, қалғандары кепілмен бостандықта жүр екен. Жәбірленуші тарап жау алыстан келмегенін айтады. Қылмысты жоспарлаған күдіктілер өздері күзеткен қойма ішіндегі тауарларды бірнеше ай бойы ұрлап келген көрінеді. Ал Гүлбар Қызырханның қымбат перделерін ұрылар бір түнде тып-типыл етіпті. Бар тауарынан айырылып саудасы тұралаған кәсіпкер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді.

Гүлбар Қызырхан, кәсіпкер:

- Сотқа дейінгі тергеу дұрыс жүргізілмеген. Екі адам әлі ұсталған жоқ. Біреуінің есімі Мұхтар, екіншісінің атыжөнін де анықталмаған. Шығынға баттым. Жартылай фирмалардан қарызға аламыз. Олар мойнымда тұр. Жоғалған тауарларға аудит жасатып, санаттық. 11 млн 700 мың теңге маған залал болған. Әділ сот болса екен деп үміттенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.